Кайман аралдары

81°08′01″ б. б. / 19.32778° с. е. 81.13361° б. б. / 19.32778; -81.13361 (G) (O) (Я)

Кайман аралдары (ағылш. Cayman Islands) — Кариб теңізінің Солтүстік-батыс бөлігіндегі аралдар тобы. Вест-Индия аралдары құрамына кіреді. Аралдарды 1503 ж Христофор Колумб ашқан. Кайман аралдары Ұлыбританияның қарамағында. Аум. 259 км2. Халқы 33,6 мың адам (1995). Тұрғындарының ресми тілі – ағылшын тілі. Кайман аралдары Үлкен Кайман, Кіші Кайман және Кайман-Брак аралдарынан тұрады. Әкімшілік орталығы – Джорджтаун қаласы. Климаты тропиктік, пассаттық. Жылдық орташа температура 15 – 30°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 1300 мм. Аралдарды мәңгі жасыл қоңыржай ылғалды орман көмкерген. Мұнда сирек кездесетін құнды ағаштар (негізінен, махагон ағаштары) өседі. Балық кәсіпшілігі жақсы дамыған. Акула, омар, тасбақа, т.б. теңіз жануарлары ауланады. Тропиктік егіншілік қалыптасқан. Құнды ағаш өнімдері және лангуст, тасбақа сауыттары экспортқа шығарылады. Кайман аралдары ірі халықаралық банк операциялары жүргізілетін орталықтардың бірі саналады. Шетелдік туризм жақсы дамыған.

Кайман аралдары
ағылш. Cayman Islands
БайрақЕлтаңба
Ұран: «He hath founded it upon the seas»
Әнұран: «God Save the Queen» (тыңдау )
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тіліағылшын тілі
ЕлордаДжорджтаун
Ірі қаласыДжорджтаун
Үкімет түріКонституциялық монархия, Британияның теңіздің арғы жағындағы аймақтары
Патшайым
Губернаторы
Премьер-министрі
II Елизавета
Анвар Чоудхури
Олден Маклафлин
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 210-шы орын
264 км²
1,6
Жұрты
• Сарап (2018)
Тығыздығы

64,420[1] адам
212[2] адам/км² (59-шы)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2014)
 • Жан басына шаққанда

2,507 млрд.[3] $ (192-ші)
73,800[3] $ (1-ші)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2014)
 • Жан басына шаққанда

3,480 млрд.[4] $ (160-шы)
58,808[4] $ (9-шы)
АДИ (2013)0,888 ([[Адам даму индексі бойынша елдер тізімі|]])
ВалютасыКайман аралдары доллары
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.ky
ISO кодыKY
ХОК кодыCAY
Телефон коды+1-345
Уақыт белдеулеріUTC-5

Дереккөздер