Құрлық

гешнтрое

Құрлық, материк, континент — жер қабығының дүниежүзілік мұхит деңгейінен көтеріңкі ірі бөлігі. Оның шеткі аймақтары мұхит деңгейінен төменде жатыр (қ. Құрлықтық беткей). Құрлықтың жалпы аумағы 149,1 млн. км² немесе жалпы жер шарының 29,2%-ын алады. Солтүстік жарты шардың 39%-ын, оңтүстік жарты шардың 19%-ын құрайды. Қазіргі геологиялық дәуірде ол 6 континенттен — Аустралия, Антарктида, Африка, Еуразия, Оңтүстік Америка және Солтүстік Америкадан тұрады. Құрлықтың 36%-ы таулы, 64%-ы жазық. Құрлық астындағы жер қабығының қалыңдығы 25-тен 75 км-ге дейін жетеді. Ішкі континенттік және шеткі континенттік құрылымдардан тұрады. Біріншісіне көне және жас платформаларда дамыған жазық өңірлер және геосинклиналдық қатпарлы облыстарда пайда болған таулы құрылымдар жатады. Екінші типтік құрылымдарға континенттердің су астындағы тегістелген жалғасы (қайраң, беткей), пассивті жиегі (атланттық) және кезектесе орналасқан қайраңдық, беткей, терең қазаншұңқырлар, шұңғымалар, мұхиттың қарқынды дамыған арал доғаларының (Тынық мұхиттың) шеткі аймақтары жатады. Құрлықтар ұзақ уақытты қамтитын эволюциялық дамудың нәтижесінде пайда болған гетерогенді дене саналады, ол фиксизм теориясы бойынша геосинклиналдардың дамуы барысында ертедегі ядролардың бірігіп ұлғаюы нәтижесінде пайда болған. Мобилизм теориясы бойынша, қазіргі құрлықтар бір уақыттарда бүтін болған Пангея континенті бөлшектеніп, алдымен Лавразияға және Гондванаға бөлінген. Құрлықтардың нобайы мұхиттардың ашылуынан және литосфералық плиталардың соқтығысуынан өзгеріп отырған.

Түрлі құрлықтарды көрсететін анимациялық, түспен кодталған карта. Конвенциясы мен моделіне байланысты, кейбір континенттер шоғырландырылған немесе кішірек құрлықтарға бөлінген болуы мүмкін: мысалы, Еуразия жиі Еуропа мен Азияға (қызыл реңктер) бөлінеді, ал Солтүстік және Оңтүстік Америка, кейде бір Американдық құрлық (жасыл реңктері) ретінде танылады.

Құрлықтар саны

Моделдер
Түрлі құрлықтарды көрсететін түспен кодталған карта. Ұқсас реңктері шоғырландырылған немесе кіші болуы мүмкін
7 құрлық
[1][2][3][4][5][6]
    Сол. Америка
    Оң. Америка
    Антарктика
    Африка
    Еуропа
    Азия
    Аустралия
6 құрлық
[2][7]
    Сол. Америка
    Оң. Америка
    Антарктика
    Африка
       Еуразия
    Аустралия
6 құрлық
       Америка
    Антарктика
    Африка
    Еуропа
    Азия
    Аустралия
5 құрлық[8][9]
       Америка
    Африка
    Еуропа
    Азия
    Аустралия

Құрлықтар аумағы мен жұрты

Халық саны және жер көлемін салыстыру
ҚұрлықАумағы
(км²)
Жұрты
2002 (сарап.)
Бүкіл жұртынан
пайызы
Тығыздығы
(адам/км²)
Азия43,810,0003,800,000,00060%86.7
Африка30,370,000922,011,00014%29.3
Америкалар42,330,000890,000,00014%20.9
Солтүстік Америка24,490,000515,000,0008%21.0
Оңтүстік Америка17,840,000371,000,0006%20.8
Антарктика13,720,0001,0000.00002%0.00007
Еуропа10,180,000710,000,00011%69.7
Океания9,010,00033,552,9940.6%3.7
Аустралия-Нью-Гини8,500,00030,000,0000.5%3.5
Аустралия7,600,00021,000,0000.3%2.8

Жоғалған құрлықтар

  • Лауразия
  • Гондуана

Әлем бұрыштары

Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары Панама мойнағымен қосылған. Сонымен қатар Жердегі құрлықтарды әлем бұрыштарына бөліп айту қалыптасқан. Бұл Жағрапиялық ашылымдар дәуірінде пайда бола бастады, яғни әр жаңа жер, сол кезде айтқандай — әлем бұрышын мұхитсаяхатшылары ашқан сайын.

Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтық ажыратуға қарағанда бір әлем бұрышы боп есептеледі, ал әлемнің екі бұрышы боп есептелетін Еуропа мен Азия бір құрлықта — Еуразияда орналасқан. Еуропа мен Азия шекарасы Орал таулары, содан Каспий теңізіне дейін Жем өзені бойымен, Құма мен Маныш өзендерімен Дон өзені сағасына дейін, ары қарай Қара теңіз бен Жерорта теңіздері арқылы өтеді.

Түсініктемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Continents


Дереккөздер