Ұлтшыл-социалистік неміс жұмысшы партиясы

Германияда 1920—1945 жылдары болған радикалды ұлтшылдық саяси партия

Ұлтшыл-социалистік неміс жұмысшы партиясы (нем. Nationalsozialistische Deutsche Arbeiterpartei (NSDAP); қысқартылғанда НСДАП; аударылғандағы аббр. — ҰСНЖП немесе ГҰСЖП[K 1]) — Германияда 1920 жылдан 1945 жылға дейін болған радикалды ұлтшылдық экстремистік саяси партия[5], нацизмнің идеологиялық тасушысы[⇨]. 1933 жылдың қаңтарынан — билеуші, ал шілдесінен 1945 жылдың мамырына дейін — нацисттік Германиядағы жалғыз заңды партиясы.1945 жылы Екінші дүниежүзілік соғыста Германияның капитуляциясынан кейін антигитлерлік коалиция кеңесінің шешімі бойынша жойылған.

Ұлтшыл-социалистік неміс жұмысшы партиясы
нем. Nationalsozialistische Deutsche Arbeiterpartei
НСДАП (нем. NSDAP)[K 1]
Логотипі
Басшысы

Карл Харрер (1919—1920)
Антон Дрекслер (нем.)
Адольф Гитлер (1921—1945)
Мартин Борман (нем.) (сәуір—мамыр 1945)

Негізін салушы

Карл Харрер

Құрылған жылы

5 қаңтар 1919 (Неміс жұмысшы партиясы ретінде)
24 ақпан 1920

Штаб-пәтері

Мюнхен, Бриеннер-штрассе, 45

Идеологиясы

нацизм
ирредентизм
шовинизм
реваншизм
милитаризм
антисемитизм
антикоммунизм
антикапитализм

Жастар ұйымы

Гитлерюгенд (1926 жылдан бастап)
Неміс қыздар бірлігі (1930 жылдан бастап)

Мүшелер саны

~ 50 (1919)
~3000 (1921)[1]
~15 000 (1923)[2]
~100 000 (1928)[3]
~700 000 (1931)[3]
~850 000 (1933)
~10 000 000 (1942)[1]
~8 500 000 (1945)[4]

Ұраны

Бір халық, бір рейх, бір фюрер (нем. Ein Volk, ein Reich, ein Führer)

Әнұраны

Хорст Вессель әні

Тарихы

Кіріспе тарихы

DAP логотипі, 1919—1920 жж.
А. Дрекслер, 1920 жыл
  • 1919 жылдың қаңтарында Мюнхен теміржол депосының шебері Антон Дрекслер (нем.) Неміс жұмысшы партиясын (нем. Deutsche Arbeiterpartei) негізін қалайды. Партияның ізашары бұрын Дрекслер құрған «Жақсы әлемге жақтас еркін жұмысшылар комитеті» (нем. Freien Arbeiterausschuss für einen guten Frieden) болды. Партияның алғашқы мүшелері Дрекслердің әріптестері — депо жұмысшылары болды. Негізін қалаушылардың басты идеясы жаңа орта табына қарағанда, жұмысшыларға сүйенетін ұлтшыл партия құру болды. Құрылу кезінде партияның құрамында 40-қа жуық адам болды[6].
  • 1919 жылы қыркүйектің соңында Адольф Гитлер партия мүшесі болды.
  • 1920 жылдың 24 ақпанында Гитлер «Хофбройхаус» сыра ресторанында «25 пункт» бағдарламасын таныстырды. Бағдарлама бойынша, партияның атауына «ұлтшыл-социалистік» деген сөз қосылды. Басында Гитлер ұйым атауын «Социал-революциялық партия» деп ауыстыруды ойлаған. Алайда сосын «NSDAP» дегенге тоқтады[7]. Саяси публицистикада партияны Наци деп атады.
Германиядағы парламенттік сайлауда НСДАП үшін берілген дауыстар саны (пайызбен) (1924—1933)[8]
  • 1923 жылы 27 қаңтарда Мюнхенде НСДАП бірінші съезі өтті. Партияның барлығы он съезі өтті, олардың соңғысы 1938 жылы болды.
  • 1929 жылы Кобург — НСДАП муниципалды сайлауда абсолютті көпшілік дауыс алған Германияның алғашқы қаласы болды[9].

Партияның соңғы айлары

Нацисттік Германия өзінің соңғы айларын сүріп жатқаны. 1945 жылдың 1 сәуірінен бастап НСДАП өзіне соңғы рет жаңа мүшелерді қабылдауды жүргізді: 1926–1928 жылдардың тумаларын. Адольф Гитлер өз-өзіне қол жұмсамас бұрын 30 сәуірде өзінің хатшысы Мартин Борманды (нем.) партия істер министрі етіп тағайындады; дегенмен бұған дейін Германия үкіметінде мұндай лауазым болған жоқ. Бұл лауазым іс жүзінде партия Төрағасының орнын алмастырды және Борманға партия бақылауын өз қолына шоғырландыруға мүмкіндік берді. Алайда Германияның соғыста толық жеңілуі және партияның болашақ тағдыры алдын-ала белгілі болды. 1945 жылдың 2 мамырында Мартин Борман хабарсыз кетті[10].

Идеологиясы

Толық мақаласы: Нацизм

Партияның негізгі идеологиясы нацизм[11]тоталитарлық[12], радикалдық, нәсілшілдік, антисемитисттік саяси идеология[13]; фашизмнің ерекше формасы[14][15]. Нацизм өзіне этникалық ұлтшылыдықты, «арий нәсілінің» идеясын, және де оның басқа нәсілге қарағанда биологиялық және мәдениеттік үстемдігін, нәсілдік антисемитизмді («семиттік нәсіл» — еврейлергитлер Германиясында антипод, және де неміс халқының ең басты жауы болып саналған), славянофобтық, «арийстік» (неміс халқының) социализмдік, антикоммунизмдық, анти-либералдық және антидемократиялық идеологиясы болады.

Сондай-ақ

Дереккөздер

Деректер

Түсініктеме

Әдебиет

  • Национал-социализм — 2013 Т. 22. — Б. 178.
  • McGovern, James Martin Bormann — William Morrow & Company. — New York, 1968.