Алабама

 Басқа мағыналар үшін Алабама (айрық) деген бетті қараңыз.

Алабама (ағылш. Alabama /æləbæmə/) — штат, Америка Құрама Штаттарының оңтүстік-шығысында орналасқан. Штат солтүстігінде Теннесси штатымен, шығысында Джорджия штатымен, оңтүстігінде Флорида штатымен және Мексика шығанағымен және батысында Миссисиппи штатымен шекараласады. АҚШ штаттарының ішінде Алабама жер көлемі бойынша 30-орынға кіреді және ішкі сулар жолы ұзындығы бойынша екінші орында[1]. Штаттың ауданы 135 765 км². Алабама штаты АҚШ штаттарының халық саны бойынша 23-орын иеленеді — тұрғыны 2011 жылғы жағдаймен 4 802 740 адамға жеткен.

АҚШ штаты

Алабама штаты
ағылш. State of Alabama

Алабама штаты туыАлабама штаты мөрі
Алабама штаты туыАлабама штаты мөрі
АҚШ картасындағы Алабама штаты штаты

Штат ұраны

лат. Audemus jura nostra defendere

Штат лақапаты

Yellowhammer State (Сары Балға штаты); Heart of Dixie (Дикси жүрегі/Оңтүстіктің жүрегі); Cotton State (Мақта штаты)

Астанасы

Монтгомери

Ең ірі қаласы

Бирмингем

Тұрғыны

4 802 740 (2011 жыл)
23-ші орын (АҚШ б-ша)
- тығыздығы
35,38 адам/км²

Ауданы

30-ші орын
- барлығы
135 765 км²
- су беті
(3,19 %)
- ендік
30°13' с. е. бойынша 35°00' с. е., 305 км
- бойлық84°51' б. б. бойынша 88°28' б. б., 531 км

Теңіз деңгейінен биіктігі

- максимал биіктігі735,5 м
- орташа биіктігі150 м
- минимал биіктігі
0 м

Штат статусын иеленуі

14 желтоқсан 1819 жылы
22 ретпен
- штат болмай тұрып
Алабама Территориясы

Губернаторы

Роберт Бентли

Заң шығару органы

Алабама Легислатурасы
- жоғарғы палатасыАлабама сенаты
- төменгі палатасыАлабама өкілдер палатасы

Уақыт белдеуі

Тынықмұхиттық уақыт: UTC-6/-5

Домені

AL, Ala., US-AL

Ресми сайты:

http://www.alabama.gov/


Штата астанасы — Монтгомери қаласы (1861-65 жылдардағы АҚШ-тың азаматтық соғысы уақытында Монтгомери 1861 жылы 4 ақпан-нан 29 мамыр аралығында бүлікші штаттардың астанасы болды). Ірі қалалары — Бирмингем, Мобил, Хантсвилль. Штат мәртебесін 1819 жылы алды (22-штат). Ресми лақап аты — «Оңтүстіктің жүрегі».

Географиясы

Алабама картасы

Алабама жер аумағы 135 765 км². Мехсика шығанағы жағасында орналасқан және штатта Миссисири өзені ағып өтеді. Штаттың солтүстік-шығысында Аппалач тауылары алып жатыр, онда штаттың ең биік нүктесі — Чиха тауы (теңіз деңгейінен 735 м жоғары) орналасқан. Штаттың 67 %-ке жуық территориясын орман алып жатыр. Штат территориясында АҚШ-тың тағы бір әдемі өзен — Кахаба өзені ағып өтеді.

Климаты

Климат Алабама климаты мұхиттық суптропиктік, орташа жылдық температурасы районның үлкен бөлігінде 18 °С-қа жуық. Қысы әжептәуір жұмсақ, қаңтар айының орташа температурасы Мобилде 4 °С-тан Монтгомериде 0 °С-қа дейін өзгереді. Жазы өте ыстық, жаздың орташа температурасы жекелеген өңірлерде 32 °С-қа дейін көтеріледі. Алабамада қар сирек жауады, тек қана солтүстіктегі Монтгомериде қыста бірнеше рет жауады. Штаттың барлық территориясыда жауын-шашын мол түседі. Жауын-шашын ның жылдық деңгейі 1400 мм шамасында. Алабама Мехсика шығанағының тропикалық циклон және дауыл зонасы әсерінде орналасқан. Канзаспен бірдей елдің басқа штаттарындағы ең күшті F5 санатты торнадо Алабамада байқалады.

Демографиясы

Халық тығыздығы

АҚШ халық санағы бюросының дерегі бойынша 2011 жылдың 1 маусымында Алабама халқы 4 802 740 адам; 2010 жылғы санақпен салыстырғанда 0,48 %-ке өскен.[2] 2010 жылғы мәлімет бойынша штаттың халқының 18 жасқа дейінгі үлесі 25,3 %; 65 жастан жоғарғылар үлесі — 13 %. Әйелдер үлесі — 51,7 %; еркектер — 48,3 %.

2010 жылғы санақ бойынша штаттың нәсілдік үлесі келесідей: ақ нәсіл (68,5 %), афроамерикандықтар (26,2 %), байырғы америкалықтар — үндістер (0,6 %), азиялықтар (1,1 %), гавайлықтар және мұхиттық аралдардың байырғы халықтары (0,1 %), басқа нәсілдер (2 %), екі және одан көп нәсілділер немесе аралас нәсілдер — мулаттар, метистер (1,5 %). Ақ нәсілді халықтар негізгі рөлде ағылшын, ирланд және неміс тектілер. 2000 жылдағы санақ бойынша Алабама халқының 96,7 %-і ағылшын тілінде сөйлейді, 2,2 % — испанша; 0,4 % — немісше; 0,3 % — французша (француз креольшасын қоса алқанда) және 0,1 %-ке жуығы — қытайша сөйлейді. 108,000 адам штат аумағынан шетте туғандар (штат халқының 2.4%-і), олардың жуық шамамен 22.2%-і заңсыз иммигранттар (24,000).

Спорты

Командалары

КлубҚалаСпортЛигаСпорт сарайы
Алабама Хаммерс ағылш. Alabama HammersХунтсвильамерика футболыSouthern Indoor Football LeagueВон Браун Центер ағылш. Von Braun Center
Бирмингем Баронс ағылш. Birmingham BaronsХооверБейсболSouthern LeagueРегионс Парк ағылш. Regions Park
Бирмингем Саберс ағылш. Birmingham SabersБирмингемБаскетболКонтинентал Баскетбол Лигасы ағылш. Continental Basketball LeagueАлтамонт мектебі ағылш. Altamont School
Диксие Дерби Гирлс ағылш. Dixie Derby GirlsХунтсвильағылш. Roller derbyWomen's Flat Track Derby AssociationВон Браун Центер ағылш. Von Braun Center
Хунтсвиль Хавос ағылш. Huntsville HavocХунтсвильХоккейСолтүстік Кәсіби Хоккей Лигасы ағылш. Southern Professional Hockey LeagueВон Браун Центер ағылш. Von Braun Center
Хунтсвиль Старс ағылш. Huntsville StarsХунтсвильБейсболSouthern LeagueЖое. У. Давис Статионы ағылш. Joe W. Davis Stadium
Мобиль БейБеарс ағылш. Mobile BayBearsМобильБейсболSouthern LeagueХанк Аарон Стадионы ағылш. Hank Aaron Stadium
Мобиль Бей Хурриканес ағылш. Mobile Bay HurricanesМобильБаскетболАмерика Баскетбол АссоцациясыДавидсон Жоғарғы мектебі ағылш. Davidson High School
Монтгомери Бискуитс ағылш. Montgomery BiscuitsМонтгомериБейсболSouthern LeagueМонтгомери Римеруалк Стадионы ағылш. Montgomery Riverwalk Stadium
Рокет Сити Юнайтед ағылш. Rocket City UnitedМадисонФутболNational Premier Soccer LeagueМадисон Сити Скулс Стадионы ағылш. Madison City Schools Stadium
Теннессии Валлей Тайгерс ағылш. Tennessee Valley TigersХунтсвильАмерика футболыIndependent Women's Football LeagueМилтон Фрейнк Стадионы ағылш. Milton Frank Stadium
Трейгис Сити Роллерс ағылш. Tragic City RollersБирмингемRoller derbyWomen's Flat Track Derby AssociationЗамора Шрин Темпл ағылш. Zamora Shrine Temple

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер