Дэвид Кэмерон

Дэвид Уильям Дональд Кэмерон (Камерон) (ағылш. David William Donald Cameron; 9 қазан 1966, Лондон) — британдық саясаткер, Ұлыбритания консервативтік партиясының көшбасшы, Ұлыбританияның 2010 мен 2016 жылдар арасындағы Премьер-Министрі.

Дэвид Кэмерон
ағылш. David Cameron
Дэвид Кэмерон
Ресми портреті
Лауазымы
Ту
Ту
Ұлыбританияның 75-ші премьер-министрі
Ту
Ту
11 мамыр 2010 — 13 шілде 2016
МонархII Елизавета
ІзашарыГордон Браун
ІзбасарыТереза Мэй
Ту
Ту
Ұлыбритания консервативтік партиясының көшбасшы
Ту
Ту
6 желтоқсан 2005 — 11 шілде 2016
ІзашарыМайкл Говард
ІзбасарыТереза Мэй
Ту
Ту
Оппозиция лидері
Ту
Ту
6 желтоқсан 2005 — 11 мамыр 2010
ІзашарыМайкл Говард
ІзбасарыГарриет Гарман
Ту
Ту
Ұлыбритания Қауымдар палатасының мүшесі
Ту
Ту
7 маусым 2001 — 12 қыркүйек 2016
ІзашарыШон Вудворд
ІзбасарыРоберт Кортс
Өмірбаяны
ПартиясыҰлыбритания консервативтік партиясы
БіліміОксфорд университетi
ДініАнгликандық
Дүниеге келуі9 қазан 1966 (1966-10-09) (57 жас)
Лондон, Ұлыбритания
ЖұбайыСаманта Шеффилд
БалаларыИван Реджинальд Иан, Нэнси Гвен, Артур Илвэн, Флоренс Роуз Энделлион
ҚолтаңбасыҚолтаңбасы

Жастық шағы

Кэмерон руының елтаңбасы

Кэмерон ақсүйектер тұқымынан шыққан брокер Ян Дональд Кэмерон және оның әйелі Мэри Флер отбасында, Лондон қаласында туған. Дэвид Кэмеронның ағасы Алан Александр және екі әпкелері Таня-Рэйчелл мен Клэр-Луиз бар. Бала кезінен бастап өнерге қызығулышық танытты[1]. Ол Итон колледжін және Оксфорд университетін (үздік) бітірген, сол жерде ол саясат, философия және экономикадан білім алды.

Қызмет жолы

Институтты бітіргеннен кейін, консервативтік партиясының зерттеу бөлімінде жұмыс істей бастады. Ұлыбритания Қаржы Министрінің кеңесшісі болды. 1993 жылы Кэмерон Біріккен Патшалықтың Ішкі істер министрлігінде жұмысын бастады. 1997 жылы Стаффорд округiнен сайлауға қатысты, бірақ жеңіліс тапты. Кейiн жеті жыл бойы Ұлыбританияның ең ірі медиа-компаниялардын бірінде басқарушылар кеңесінде қызмет iстейдi. 2001 жылы сайлауында Ұлыбритания Қауымдар палатасының мүшесі болып сайланды. 2005 жылы Майкл Говард отставкаға кеткеннен кейiн партия көшбасшысы сайланды. Оның басшылығы кезiнде сайлаушылар арасында партияның қолдау айтарлықтай өсуі байқалды.

Үкімет басқаруы

2010 жылы 11 мамырда премьер-министр Гордон Браун Үкімет басшысы және Лейбористiк партия көшбасшысы ретінде оның орнынан түсуi туралы жариялады[2][3] . Сол күні кешке патшайым II Елизавета Дэвид Кэмеронге үкімет қалыптастыру туралы ұсыныс жасаған[4]. 6 мамырда Кэмерон Либералдық демократтармен билеуші коалиция қалыптастыру ниеті бар туралы жариялады. 12 мамырда соғыстан кейінгі Британ тарихында тұңғыш рет, коалициялық үкімет құрылды, ал 43-жастағы Кэмерон 1812 жылдан бастап ең жас британдық премьер-министрі атанды.

G20 саммитіндегі Дэвид Кэмерон мен Барак Обама, Торонто, 2010

2010 жылы маусым айында Кэмерон Ұлыбританияның экономикасы жайлы «ойлағанымыздан да нашар» деп атап, қиын шешімдердің жасалуы туралы мәлімдеген.

2010 жылы желтоқсанда ол ФИФА вице-президенті Чоң Моңджунмен кездесіп, 2018 әлем кубогының Англияда өткізілуі ұсынысын талқылады.[5]

Кэмерон Шотландиядағы тәуелсіздік референдумын да қолдады және өткізуге рұқсат берді.

Өзінің партиясы мүшелерінің келіспегеніне қарамастан, Дэвид Кэмерон Ұлыбританиядағы бір жынысты некені қолдады. Парламенттің келіспеушілігінен бұл заң қабылдана алмады.

Халықаралық істе Кэмеронның үкіметі Ливия интервенциясына қатысты және Ислам мемлекетінің бомбалануын қолдады. 2015 жалпылама сайлауда консервативтік партияның жеңісінен кейін Дэвид Кэмерон қайта сайланды және премьер-министр болуын жалғастырды. Екінші мерзімінде ол Ұлыбританияның ЕуроОдақ құрамында болуын жалғастыру референдумын да өткізді, алайда бұл мәселе жайлы ол көпшіліктен қолдау көре алмады және Кэмеронның танымалдылығы түсті. Кейінірек ол отставкаға кетіп, Тереза Мэй премьер-министр орнын алды.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер