Лусон

Лусон (Luzon) — Филиппин топаралындағы ең ірі арал.

  • Ауданы 105,6 мың км². өз. 750 км, ені 270 км.
  • Оңтүстік жағалауы көптеген шығанақтармен тілімделген.
  • Жер бедері негізінен таулы, биіктігі 2934 м-ге (Пулог тауы) дейін жетеді.
  • Лусонда бірнеше әрекетті жанартау (Майон жанартауы, биіктігі 2462 м, т.б.) бар.
  • Алтын, хром, мыс және темір кен орындары ашылған. Климаты субэкваторлық муссондық.
  • Ауаның орташа температурасы солтүстігінің жазық бөлігінде 23 — 25ӘС, оңтүстігінде 27 — 29ӘС.
  • Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 2000 — 3000 мм.
  • Өзендерінің суы мол.
  • Тауда субэкваторлық және муссондық орман өседі, аңғарлары — саванна. Күріш, қант қамысы, жүгері, темекі, абака және кокос пальмасы өсіріледі.
  • Лусонда Филиппиннің астанасы Манила және ірі порты — Кесон-Сити орналасқан.[1]

Дереккөздер