Румын тілі

Румын тілі (өз атауы— limba română, ['limba ro'mɨnə]; сондай-ақ бұрындары валаш, влаш, волош, валахо-молдаван тілі) — Роман тілдерінің балқан-роман топшасына кіретін Үнді-Еуропа тіл. Таралуы бойынша роман тобындағы испан, португал, француз және итальян тілдерінен кейінгі бесінші тіл. Типологиялық айырмашылықтарының себебінен салыстырмалы лингвистикада дак-румын тілі деп те аталады[1]. Румынияда (халықтың басым бөлігі үшін ана тіл және негізгі ауызекі тіл) және Молдова Республикасында (Конституциялық соттың шешіміне сәйкес) ресми мәртебеге ие[2][3]. Кейбір қазіргі заманғы лингвистер[4] "румын тілі" мен "молдаван тілі" деген терминдерді бір тілдің әртүрлі атауы (лингвоним) деп есептейді[5], ал өзге дереккөздер[6][7][8] болса, молдаван тілін өз алдына бөлек шығыс роман тілі деп есептейді[9].

Румын тілі
Сурет
Өз атауы:

Limba română

Елдер:

Классификация
Санаты:

???

Тіл коды
МЕСТ 7.75–97:

рум 565

ISO 639-1:

ro

ISO 639-2:

rum және ron

ISO 639-3:

ron

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика

Румын тілі Римнің Балқан түбегінің шығысын жаулап алғаннан кейін көшіп барған отаршылардың ауызекі-диалект латын тілінің негізінде қалыптасты. Бұл тіл жергілікті тілдердің (дак, фракия) субстрат әсеріне, ал кейінірек славян және жаңа грек тілдерінің адстрат және суперстрат әсеріне ұшырады[10].

Әлемдегі румынша сөйлейтіндердің жалпы саны — шамамен 24 миллион адам[11], ал румын тілі ресми болып келетін елдердегі жалпы халық саны шамамен 28 миллион адам (әлемдегі романтілді топтардың шамамен 5 %-ы)[12]. Румын тілінде бай көркем және ғылыми әдебиет жазылған.

Лингвогеографиясы

Румын тілінде негізінен Румыния, Молдавия, Венгрия, Сербия және Украинада сөйлейді. Сондай-ақ, румынтілді тұрғындар Францияда, Канадада (әсіресе Монреаль қаласында), АҚШ-тың солтүстік-батысында (әсіресе Чикаго), Германия, Израиль, Австралия, Жаңа Зеландияда тұрады. Соңғысында румын қауымдастығы Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін және кейін румын қалаларынан (бірінші кезекте Бухаресттен) болған саяси иммиграция себебінен құрылған болатын. Чаушеску режимі құлағаннан кейін жаңа толқын пайда болды, негізінен ауылдық аудандардан экономикалық және еңбек мигранттарынан, әсіресе 2007 жылы Румыния Еуроодаққа кіргеннен кейін. Бұл толқын, көбінесе Италияға, Испанияға, Португалияға, Квебек және Аргентинаға бағыт алған болатын.

Жазу түрі

A aĂ ă     â â â â âB bC cDE eF f
G gH hI iÎ îJ jK kL lM m
N nO oP pQ qR rS sȘ șT t
Ț țU uV vW wX xY yZ z

Тағы қараңыз

  • Молдаван тілі

Сілтемелер

Дереккөздер