Таңқы шаян

Таңқы шаян (лат. Brachyura) – он аяқты шаян тәрізділер отрядыныі бір тармағы. 4 мыңнан астам түрі бар.

Таңқы шаян
Қазбалық ауқымы: Jurassic–Recent
Liocarcinus vernalis
Liocarcinus vernalis
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Буынаяқтылар
Кіші жамағаты:Шаянтәрізділер
Табы:Жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділер
Сабы:Онаяқты шаянтәрізділер‎
Кіші сабы:Pleocyemata
Ықшам сабы:Brachyura
Linnaeus, 1758
Sections and subsections[1]
  • Dromiacea
  • Raninoida
  • Cyclodorippoida
  • Eubrachyura
    • Heterotremata
    • Thoracotremata

Биологиялық сипаттамасы

Басы кішкене, баскеудесі кең, кеуде қалқаншасы 2-20 см, терең суда кездесетін Жапон Таңқы шаянның кеуде алқаншасы 60 см-ге дейін.Таңқы шаян аяғының бірінші жұбы қысқышқа айналған. Құрсағы қысқа, баскеудесі астына қарай иілген. Еркегінің бауыр аяқтарының 2 жұбы шағылыс аппараттарына, ұрғашысында 4 жұбы уылдырығын жетілдіруге арналған. Таңқы шаяндар теңізде, тұщы суларда, құрлықта тіршілік етеді. Дамуы метаморфоз арқылы өтеді. Уылдырығынан личинка- зоеа шығады, бұл «мегапол» деп аталатын личинкаға, кейін ересек таңқы шаянға айналады.Жемі- омыртқасыздар.

Қолданылуы

Таңқы шаянның көптеген түрі жеуге жарамды, кәсіптік маңызы бар. Кәсіптік моллюскілерді құртатын, балық ауын жыртатын, кейде ін қазып бөгендерге зиян келтіретін түрлері бар.

Дереккөздер

Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 550 бет