Хизбуллаһ

Хизбуллаһ (араб.: حزب الله‎ — «Аллаһтың тобы»; сонымен қатар Хезболла́, Хезболла́һ, Хизба́лла, Хизбалла́, Хизбалла́һ деп те аталуы мүмкін) — ливандық шииттік әскери ұйым және Ливанда Иран үлгісі бойынша Ислам мемлекетін құруды қолдайтын саяси партия. Идеологиясының негізінде Иран Ислам революциясының көсемі Хомейни Рухолла жасаған идеологиясы жатыр. Канада, Нидерланд, Израиль, АҚШ, Мысыр мемлекеттерінде, және ішінара Австралия мен Ұлыбританияда лаңкестік ұйым ретінде танылған. Иран мен Сирия мемлекеттерінің қаржылай және әскери көмегін қолданады[1][2][3].

Хизбуллаһ
حزب الله
Логотипі
Басшысы

Хасан Насруллаһ

Құрылған жылы

1982

Штаб-пәтері

Бейрут, Ливан

Идеологиясы

ұлтшылдық, исламизм, шиизм

1985 жылғы манифестінде бұл ұйым өзінің үш негізгі көздеген мақсаты ретінде: «Ливаннан кез келген колониалды құрылымдарды шығарып тастауды», «фалангистерді өз қылмытарына жауапқа тартуды» және елде Исламдық режимді орнатуды жариялады.

Арабтанушы Георгий Мирский айтқандай[4], Ливанда әрекет етіп жүрген топ 1982 жылы сол атаумен аталған ирандық ұйымның филиалы ретінде құрылған.

Дереккөздер

Тағы қараңыз

  • Шииттер
  • Иран Ислам революциясы
  • Лаңкестік ұйымдар