1988 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары

XXIV жазғы олимпиада ойындары (кор: 제24회 올림픽경기대회; ағылш: Games of the XXIV Olympiad) — Корея астанасы Сеул қаласындағы XXIV жазғы олимпиада ойындары 1988-ші жылғы қыркүйектің 17-і мен казанның 2-і аралығында өтті. Олимпиадаға 159 елден 8465 спортшы қатысты.

XXIV жазғы олимпиада ойындары
Ұйымдастырушы қала

Сеул, Корея Корея Республикасы

Қатысушы елдер

159

Атлеттер саны

8,391 (6,197 ерлер, 2,194 әйелдер)

Медальдар саны

237 спорттың 23 түрінен (31 пән)

Ашылу салтанаты

17 қыркүйек, 1988

Ресми түрде ашқан

Ро Дэ У

Жабылу салтанаты

2 қазан, 1988

Олимпиада оты

Чон Сун Нам, Ким Вон Тхак, Сон Ми Джон және Сон Ги Джон

Стадион

Олимпиада стадионы

Албания, Куба, КХДР, Вьетнам, Никарагуа, Сейшель аралдары және Эфиопия елдері бойкот жасап қатыспады. Ал КХДР тарапында болуы тиіс КСРО қайта құру жүріп жатқандықтан, бұрынғыдай капиталистік елдермен аса жау бола қоймады, сол себепті де Олимпиадаға барудан бас тартқан жоқ.

Қазақстандықтар

Атбасарлық ауыр атлет Анатолий Храпатый мен спорттық гимнастикадан ақтөбелік Валерий Люкин мен алматылық Владимир Новиков, футболдан қаратаулық Евгений Яровенко, қысқа қашықтықка жүгіруде жезқазғандық Виталий Савин, балқаштық волейболшы Елена Чебукина чемпион атанды.

Ал грек-рим күресінен семейлік Дәулет Тұрлыханов күміс жүлдеге ие болды.

Баскетболшы павлодарлық Ирина Герлиц пен қостанайлық боксшы Александр Мирошниченко қола жүлде алды. Валерий Люкин алтын жүлдемен бірге екі күмісті құрама қоржынына салды.

Осылай КСРО дәуірінде ең табысты олимпиадамыз ретінде тарихта қалды.

Қорытынды

Медальдар

Медальдар
ЕлАлтынКүмісҚолаБары
1КСРО553146132
2ГДР373530102
3АҚШ36312794
4Корея Республикасы12101133
5ГФР11141540
6Мажарстан116623
7Болгария10121335
8Румыния711624
9Франция64616
10Италия64414

Сілтемелер