1992 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары

XXV олимпиялық ойындар (ис: Juegos de la XXV Olimpiada; кат: Jocs de la XXV Olimpíada) — 25 шілде - 9 тамыз, 1992 жыл Барселона, Испания, бұл ойындарға 9364 (6657 ер кісілер, 2707 әйелдер) спортшылар қатысты, сонымен 1952-1988 жылдардың Қазақстанның өкілдері КСРО құрамасының сапында өнер көрсетті. 1992 жылы Испанияның Барселона қаласында өткен кезекті жазғы олимпиялық ойындарға тек Ресей бірлестігінің құрамасы ғана қатысты деуге болады. Халықаралық олимпиялық комитетке мүше болып үлгерген Балтық жағалауы мемлекеттері жеке ұжым ретінде күш сынасты. Ресей құрамасына енген қазақстандық қыз Ирина Герлиц осы жолы алтын медальға ие болды.

XXV Жазғы Олимпиада ойындары

1992 Жазғы Олимпиада ойындарының эмблемасы
Ұйымдастырушы қала

Барселона,  Испания

Қатысушы елдер

169

Атлеттер саны

9356 (6652 ер, 2704 әйел)

Медальдар саны

257 комплект 32 спорт түрінен

Ашылу салтанаты

25 шілде 1992 жыл

Ресми түрде ашқан

I Хуан Карлос

Жабылу салтанаты

9 тамыз 1992 жыл

Ант берген атлет

Луис Доресте

Олимпиада оты

Антонио Ребольо

Стадион

Олимпиада стадионы (Барселона)

Қазақстан үшін олимпиялық ойындардың жаңа дәуірі басталды.

Сант-Жорди спорт сарайы

1991 жылы Әлемнің саяси картасы өзгерді. Жұмыр жердегі іштей де, іс жүзінде де арбасы келе жатқан екі әлем капитализм мен социализмнің жанкешті шайқасында капитал дүниесі жеңіп шықты. Бұрын жер шарының 1,4 бөлігін алып жатқан Кеңестер Одағы аталған алып империя тарыдай шашырап бөлініп кетті де әрқайсысы өз шаңырақтарын көтеріп, жеке-жеке мемлекет болып шыға келді. Бірақ бұрыннан қалыптасқан саяси және экономикалық байланыстар үзілген жоқ, ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы) құрылды.

Бұл Испанияның Барселона қаласында өтетін ХХV Олимпиялық ойындардың қарсаңы болатын. Бұрынғы одақтас республикалардың спорт комитеттері спорт саласында қолымыз жеткен табыстарымыздан айырылып қалмас үшін осы ТМД елдерінің құрамасы жасақталмақ болды. Бірақ Мұнда негізгі тізгін Мәскеудің қолында қалып қойды. Мысалы, ТМД елдерінің бокстан құрамасында қазақстандық төрт боксшы Болат Теміров, Болат Жұмаділов, Аркадий Топаев және Николай Кульпин енген болатын. Бірақ екі Болат, Теміров пен Жұмаділов ойындар басталмай жатып-ақ Алматыға қайтып келді.

Спорт түрлері

[1]

Қатысқан елдер

Ойындардың қорытындысы

Толық мақаласы: Жазғы Олимпиада ойындары 1992 қорытындысы
  •    Қабылдаушы ел — Испания;
  •    Алтын медалдар саны бойынша: Біріккен команда — 45;
  •    Күміс медалдар саны бойынша: Біріккен команда — 38;
  •    Қола медалдар саны бойынша:  АҚШ — 37;
  •    Барлық санаттағы медалдар саны бойынша: Біріккен команда — 112.

Ең көп медаль жеңіп алған он ел:

№ п/пЕл Алтын Күміс ҚолаҚорытынды
1 Біріккен команда453829112
2  АҚШ373437108
3  Германия33212882
4  Қытай16221654
5  Куба1461131
6  Испания137222
7  Корея Республикасы1251229
8  Мажарстан1112730
9  Франция851629
10  Аустралия791127

Ойындарының астанасын таңдау үшін дауыс беру қорытындылары

91-я сессия ХОК, 17 қазан 1986, Лозанна
ҚалаМемлекетРаунд 1Раунд 2Раунд 3
БарселонаИспания293747
ПарижФранция192023
БелградЮгославия13115
БрисбенАустралия11910
БирмингемҰлыбритания88
АмстердамНидерланд5 —

Дереккөздер