Михаил Сергеевич Горбачёв

КОКП ОК соңғы бас хатшысы(1985-1991)

Михаил Сергеевич Горбачёв (2 наурыз 1931 жыл, Ставрополь өлкесі30 тамыз 2022 жыл, Мәскеу) — кеңестік және ресейлік саясаткер, КСРО-ның алғашқы және соңғы президенті (1990–1991), Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты (1990).

Михаил Горбачёв
Михаил Сергеевич Горбачёв
Михаил Сергеевич Горбачёв
Горбачёв 1987 жылда
Лауазымы
Ту
Ту
КСРО президенті
Ту
Ту
15 наурыз 1990 жыл — 25 желтоқсан 1991 жыл
Вице-президентГеннадий Янаев
Ізашарылауазым ұйымдастырылған;
Ізбасарылауазым жойылған;
Ту
Ту
КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы
Ту
Ту
25 мамыр 1989 жыл — 15 наурыз 1990 жыл
Ізашарылауазым ұйымдастырылған; ол өзі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Төрағасы ретінде
ІзбасарыАнатолий Лукьянов
Ту
Ту
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы
Ту
Ту
1 қазан 1988 жыл — 25 мамыр 1989 жыл
ІзашарыАндрей Громыко
Ізбасарылауазым жойылған;
Ту
Ту
КОКП ОК Бас хатшысы
Ту
Ту
11 наурыз 1985 жыл — 24 тамыз 1991 жыл
ІзашарыКонстантин Черненко
ІзбасарыВладимир Ивашко; лауазым жойылған;
Ту
Ту
КОКП Ставрополь өлкелік комитетінің бірінші хатшысы
Ту
Ту
10 сәуір 1970 жыл — 4 желтоқсан 1978 жыл
ІзашарыЛеонид Ефремов
ІзбасарыВсеволод Мураховский
Өмірбаяны
ПартиясыКОКП (1952 – 1991)

РБСДП (2000 – 2001)
РСДП (2001 – 2007)
Социал-демократтар одағы (2007 – 2017)

БіліміСтаврополь мемлекеттік аграрлық университеті

ММУ заң факультеті

Ғылыми дәрежесіҒылым докторы
МамандығыЗаңгер, Агроном
ДініАтеист
Дүниеге келуі2 наурыз 1931 (1931-03-02)
Привольное ауылы, Красногвардейский ауданы, Ставрополь өлкесі
Қайтыс болуы30 тамыз 2022 (2022-08-30) (91 жас)
Мәскеу, Ресей
ӘкесіСергей Андреевич Горбачёв
АнасыМария Пантелеевна Горбачёва (Гопкало)
Сайтыgorby.ru
ҚолтаңбасыҚолтаңбасы
Михаил Горбачёв Ортаққорда

Өмірбаяны

  • Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін (1955), Ставрополь ауыл шаруашылығы институтын (1967) бітірген.
  • 1955-1966 жж. Ставрополь қалалық және өлкелік БЛКЖО комитетінде қызмет етті.
  • 1966-1967 жж. Ставрополь қалалық партия комитетінің 2-хатшысы, 1970 жылдан 1-хатшысы
  • 1978-1985 жж. КОКП ОК-нің хатшысы
  • 1980 жылдан саяси бюро мүшесі
  • 1985-1991 жж. КОКП ОК-нің Бас хатшысы
  • 1989-1990 жж. КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды
  • 1990 ж. наурызда Кеңес одағының коммунистік партиясының бас хатшысы және сәуір айында КСРО-ның Президенті болып сайланды.
  • Горбачев 1991 жылғы желтоқсаннан бері Халықаралық әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер қорының (Горбачев қоры) президенті.

Есте қалған саяси әрекеттері

  • Бас хатшы ретінде ол КСРО-да болған фундаметалды өзгерістердің, жариялық пен қайта құрудың, Батыс Еуропа мен АҚШ арасындағы халықаралық қатынастардың өзгеруінде бастаушы болды.[1]
  • Оның бұрынғы әміршіл-әкімшіл жүйені сақтай отырып, елдегі қоғамдық өмірді демократияландыруды ұсынған идеясының кеңестік империя жағдайында жүзеге асуы мүмкін еместігін 1986 ж. Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі және одан кейін орын алған Тбилисидегі, Бакудегі, Вильнюстегі оқиғалар көрсетіп берді. Горбачевті биліктен тайдырып, кеңестік империяны қайта нығайтуды көздеушілер Тамыз бүлігін ұйымдастырды.
  • Горбачевтің кеңестік республикалар арасында жаңа одақтық шарт жасап, КСРО-ны қалай сақтап қалуға, КОКП-ны жаңа жағдайға бейімдеп реформалауға ұмтылған әрекеттері сəтсіздікке ұшырады. Тамыз бүлігінен кейін Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельциннің Жарлығымен КОКП қызметі шектелді. Беловеж келісімі (1991 ж., 8 желтоқсан) КСРО-ның ыдырағанын рәсімдеп берді. Осыған орай Горбачев өз қызметінің жойылғанын ресми жариялауға мәжбүр болды. Бұрынғы КСРО құрамында болған республикалар Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрды (1991 ж., 21 желтоқсан).[2]

Тағы қараныз

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Mikhail Gorbachev