Ставрополь өлкесі

Ставрополь өлкесі (орыс. Ставропольский край) — Ресей Федерациясының Солтүстік Кавказда орналасқан субъектісі, өлке. Солтүстік Кавказ федералды округі және Солтүстік Кавказ экономикалық ауданына кіреді. Халық саны 2,786,281 адамға тең (2010).

Ресей Федерациясының субъектісі

Ставрополь өлкесі
орыс. Ставропольский край

БайрағыЕлтаңбасы

орыс. Ставропольский край Ресей картасында

Елордасы

Ставрополь

Жер аумағы

45-ші

Барлығы
% су беті

66 160 км²

Жұрты

14-ші

Барлығы
Тығыздығы

2 907 593 (2021)

43,95 адам/км²

ЖАӨ

31-ші

Барлығы, ағым. баға
Жан басына шаққанда

715,5 млрд руб. (2018)

255,7 мың руб.

Федералды округ

Солтүстік Кавказ

Экономикалық аудан

Солтүстік Кавказ

Мемлекеттік тілі

орыс тілі

Губернаторы

Владимир Владимирович Владимиров

РФ субъектісінің коды

26

ISO 3166-2 бойынша коды

RU-STA

Уақыт белдеуі

MSK (UTC+3)

Марапаттары:

Ленин ордені

Ставрополь — өлкенің елордасы және ең ірі қаласы, және Пятигорск — Солтүстік Кавказ федералды округінің әкімшілік орталығы. Бұл Ресейдегі ең көпұлтты федералды субъектілердің бірі, өлкенің әрқайсысы 2000-нан астам адамнан тұратын отыз үш этникалық тобы бар.

Ставрополь өлкесінің батыс аймағы Кубандық казактардың отаны, Кубан регионының бөлігі болып саналады.

Тарихы

Өлке Солтүстік Кавказ өлкесі ретінде 1924 жылы, 17 қазан күні құрылды. Көптеген әкімшілік өзгерістерден кейін атауы 1937 жылы Орджоникидзе өлкесі болып өзгертілді (Серго Орджоникидзе құрметіне). 1943 жылы ол Ставрополь өлкесі атауын алды.

Географиясы

Өлке Солтүстік Кавказдың орталық бөлігін және Үлкен Кавказдың солтүстік беткейлерінің көп бөлігін қамтиды. Ставрополь өлкесі батысында Краснодар өлкесімен, солтүстік-батысында Ростов облысымен, солтүстігінде Қалмақиямен, шығысында Дағыстанмен, оңтүстігінде Шешенстан, Ингушетия, Солтүстік Осетия, Қабарда-Балқария және Қарашай-Шеркесиямен шектеседі.

Саясаты

Кеңес үкіметі жылдарында өлкеде жоғары билік үш адамға бөлінді: Ставрополь өлкелік КОКП бірінші хатшысы (шын мәнінде ең үлкен билікке ие болған), өлкелік кеңестің төрағасы (заң шығарушы билік) және өлкелік атқару комитетінің төрағасы (атқару билік).

1970–1978 жылдары Ставрополь өлкесінің тумасы Михаил Горбачёв Өлке Коммунистік партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды. Кейінірек ол Мәскеуге көшіп, сол жерде жұмыс істеуді бастайды, 7 жылдан кейін КСРО басшысы болып сайланды. КСРО-ны басқарған Юрий Андропов та Ставрополь өлкесінің тумасы еді.

1991 жылы КСРО ыдырауынан кейін өлкенің Губернаторы лауазымы және өзінің жергілікті парламенті (Ставрополь өлкесінің Думасы) құрылды. Өлкенің 2014 жылдың 27 қыркүйегінен бері губернаторы — «Біртұтас Ресей» партиясының мүшесі Владимир Владимирович Владимиров.

Дереккөздер