Тбилиси

Тбилиси (груз. თბილისი, [ˌtbiˈliːsi]  – «жылы қайнар») — Грузияның астанасы және ірі қаласы. Мтквари (Кура) өзенінің бойында орналасқан. Тбилиси атауы алғашқы рет IV ғасырда айтылады, оның пайда болуын (груз. ტფილისი [Тпилиси]; тбили — «жылы») қалада жылы күкірт қайнарының пайда болуымен байланыстырады, 1936 жылға дейін орыс тілінде грек әдебиетінен[5]. енген Тифлис атауын қолданып келді. 1936 жылдың 20 тамызынан бастап ресми түрде атаудық ұлттық айтылуына жақын болатын, Тбилиси деп атау қабылданды.

Қала
Тбилиси
груз. თბილისი
ТуЕлтаңбасы
ТуЕлтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Грузия

Статусы

Астана

Мэр

Каха Каладзе [1]

Тарихы мен географиясы
Координаттары

41°43′00″ с. е. 44°48′00″ ш. б. / 41.71667° с. е. 44.80000° ш. б. / 41.71667; 44.80000 (G) (O) (Я) 44°48′00″ ш. б. / 41.71667° с. е. 44.80000° ш. б. / 41.71667; 44.80000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

455[2]

Алғашқы дерек

379 жыл [3]

Бұрынғы атаулары

1936 жылға дейін — Тифлис

Жер аумағы

720 км²

Орталығының биiктігі

100 м

Уақыт белдеуі

UTC+4

Тұрғындары
Тұрғыны

1 083 800 адам (2017)

Тығыздығы

1533 адам/км²

Агломерация

1 158 677

Ұлттық құрамы

грузиндер (89,9 %), армяндар (4,8 %), әзірбайжандар (1,4 %), орыстар (1,2 %), күрт-езидтер (1,0 %), осетиндер (0,4 %)[4]

Этнохороним

Тбилиситер

Ресми тілі

грузин

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+995 32

Пошта индексі

0100–0199

Автомобиль коды

GEO

Басқалары
Награды

Ленин ордені

tbilisi.gov.ge
Үлгі:Ref-ge (ағыл.)

Тбилиси картада
Тбилиси
Тбилиси

Қала 726 км² аумақты құрайды және онда 108 24 00 тұрғын өмір сүреді.

Б.з.V ғасырда Иберия патшасы Вахтанг Горгасали негізін қалаған және VІ ғасырда астана болған Тбилиси Гүржістанның маңызды өндірістік, әлеуметтік, мәдени орталығы болып табылады. Қала, сол сияқты, ғаламдық энергетикалық және сауда-саттық жобалардың транзиттік орталығы болып табылады. Еуропа мен Азияның қиылысында стратегиялық орналасу Тбилисиді бірнеше мәрте Кавказдағы әр алуан күштердің қақтығысына алып келді. Руставели атындағы кең алаңнан бастап, ертеректегі Ортағасырдағы Нарикала ауданының сақталған тар көшелерінен қаланың тарихын оның сәулет өнері арқылы тануға болады.

Қаланың тұрғылықты халқы әр алуан, тарихи Тбилиси әр түрлі ұлттар мен мәдениеттің, діннің және этникалық топтардың мекені болып табылады.Тбилисидің басым тұрғындары православ, Грузиндік Православ шіркеуінің келушілері болғанымен, Абанотубани ежелгі ауданында Метехи шіркеуінен бірнеше жүз метрлік қашықтықта синагогтар, шіркеулер, мешіттер бір-бірімен қатар салынған.

Тбилисиде бір халықаралық әуежай орналасқан. Әулие Үштік Кафедральді Соборы, Сиони, Метехи, Нарикала Кафедральді Соборы, Гүржістан парламентінің ғимараты, Руставели алаңы, Анчисхати, Мтацминда (Әулие тау)Тбилис операсы, Кашвети, Әлем Көпірі шіркеуі Тбилисидің ерекше туристік бағыттары болып саналады.

Атауы

1936 жылға дейін қала орыс тілінде Тифлис, ал грузин тілінде ტფილისი ([Тпилиси] (бұрынғы грузин атауы). Өзінің атауын ол жылы серный қайнарларының болуынан алды(грузин тілінен аударғанда, «тбили» ( «тпили») , яғни, «жылы»).

Физико-географиялық сипаттамасы

Географиялық жағдайы

Тбилиси Кур өзенінің аңғарында тау алдиына іргелес 30 км созылып жатқан тар алапта орналасқан Тбилисс шұңқырында орналасқан.

Климаты

Абанотубани — Тбилисидің ескі оралымы

Ұзақ ыстық жазымен, қысқа жылы көктемімен және жұмсақ қысымен жұмсақ-континентальді климат боп келеді.

Тбилиси ауа райы
КөрсеткішҚаңАқпНауСәуМамМауШілТамҚырҚазҚарЖелЖыл
Абсолюттық максимум, °C19,522,428,734,435,140,242,040,637,933,327,222,842,0
Орташа максимум, °C7,712,918,921,923,128,131,230,926,419,812,88,418,9
Орташа температура, °C2,33,17,212,717,221,724,924,720,214,27,93,713,3
Орташа минимум, °C−0,80,03,28,412,416,519,819,515,410,44,91,39,3
Абсолюттық минимум, °C−24,4−14,8−12,8−3,81,06,39,38,98,0−6,4−7,1−20,5−24,4
Жауын-шашын нормасы, мм18,93430,350,577,67644,947,535,637,529,921495,5
Дерекнама: World Climate, ДМҰ

Фауна

фауна қаланың өте алуан төңірегі болып, осындай түлкі, қорқау қасқыр сияқты жануарлар бар. Көптеген рептилиялар мен құстар. Табиғи кешендерді қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау үшін аймақта Тбилиси ұлттық паркі ашылды.

Хайуанаттар әлемі

Қала төңірегіндегі хайуанаттар әлемі әралуан, түлкілер, жолақ қорқаулар, шиебөрі, қасқырлар кездеседі. Бауырымен жорғалаушылар мен құстар да көп. Аймақта табиғи кешенді қорғау және сақтау мақсатында Тбилиси ұлттық саябағы құрылды.

Экономикасы

Мәліметтер бойынша Тбилисидегі жұмыссыздар саны тұрғындардың 29,6 % құрайды (2009).[6]

Транспорты

Тбилисиде метрополитен жұмыс істейді.

2006 жылға дейін қалада троллейбус және трамвай жол тораптары қызмет тетті.Тбилиси қаласында Гүржістанның басты әуежайы "Новоалексеевка" халықаралық әуежайы орналасқан.

Тбилиси Гүржістан Темір Жолының аса маңызды теміржол торабы, елдің ірі транспорттық орталығы болып табылады.

Жергілікті танымал тұлғалар

  • Абашидзе, Лейла Михайловна — кеңестік және грузиндік киноактриса, Грузин ССРінің халық әртісі.
  • Арсенов, Павел Оганезович (1936—1999) — кеңестік, россиялық режиссёр және актёр, РФ-ның өнеріне еңбегі сіңген қайраткер.
  • Бараташвили, Николай Мелитонович — выдающийся грузинский поэт-романтик. үздік грузин ақын-романтик.
  • Алекса́ндр Миха́йлович— Ұлы княз, четвёртый сын Ұлы князь Михаила Николаевич пен Ольга Федорқызының төртінші ұлы , Николай немересі.
  • Брусилов, Алексей Алексеевич (1853—1926) — орыс қолбасшысы, атты әскер генералы.
  • Витте, Сергей Юльевич — граф, ресей мемлекеттік қайраткері, Ресей қаржысының министрі (1892—1903), министрлер комитетінің төрағасы, Ресей империясы министрлер кеңесінің төрағасы (1905—1906).
  • Гвердцители, Тамара Михайловна (1962) — кеңес, грузин және ресей әншісі, актриса, сазгер.
  • Джавахишвили, Иван Александрович — тарихшы, академик АН СССРКСРО ғылым академиясының академигі, Тбилиси мемлекеттік университетінің негізін қалаушы.
  • Кикабидзе, Вахтанг Константинович — кеңес және грузин эстрадалық әншісі, киноактёр, сценарист, кинорежиссёр, әндердің ауторы.
  • Кондратенко, Роман Исидорович — ресей әскери қолбасшысы, генерал-лейтенант, Порт-Артур қорғанысының батыры.
  • Месхи, Михаил Шалвович — кеңестік танымал футболисі, шабуылшы, КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері.
  • Полак, Алексей Филиппович — ғалым, өнертапқыш, ғылым докторы, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері.
  • Товстоногов, Георгий Александрович — кеңестік театр режиссёрі и педагог, КСРО , Грузия, Дағыстан халық әртісі, өнертану докторы, КСРО-ның Сахалиндік, Лениндік және мемлекеттік сыйлығының иегері.
  • Зураб Константинович Церетели (1934) — суретші, мүсінші, Ресей көркемдік академиясының президенті, Ресей Федерациясы мен Грузияның халық суретшісі.
  • Чабукиани, Вахтанг Михайлович — балеттің кеңестік әртісі, балетмейстер, педагог, Сталиндік (1941, 1948, 1951) и Лениндік (1958) сыйлықтың иегері, КСРО халық әртісі.
  • Омар Чхаидзе (1944) — грузиндік танымал, орыс суретшісі.
  • Софико Михайловна Чиаурели (1937—2008) — кеңестік және грузиндік актриса, Грузин ССРінің халық әртісі (1976), Армян ССРінің халық әртісі (1979).

Топографиялық карталар

Дереккөздер