Дамушы елдер

Дамушы елдер — империалистік мемлекеттердің ұзаққа созылған отарлық және жартылай отарлық қанауы салдарынан өздерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан артта қалған Азиядағы, Африкадағы, Латын Америкасындағы тәуелсіз елдердің тобы.

     Дамыған елдер      Дамушы елдер      Неғұрлым аз дамыған елдер      Дерек қолжетімсіз
Жіктеген: ХВҚ және БҰҰ
Адам даму индексі категорияларын білдіретін әлем картасы (2018 жылды негіз етіп 2019 жылы жарияланған).
     0.800–1.000 (Өте жоғары)      0.700–0.799 (Жоғары)      0.550–0.699 (Орташа)      0.350–0.549 (Төмен)      Дерек қолжетімсіз

Дамушы елдерге, әдетте, тән ерекшеліктер:

  • өндіргіш күштердің дамуының салыстырмалы төмен деңгейі,
  • көп жосықты (укладты) экономика,
  • патриархаттық және ұсақ тауарлық шаруашылық жөн-жосықтың жоғары үлесі,
  • әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің аяқталмауы.

" Дамушы елдер" терминін халықаралық қолданысқа 1960-шы жылдары аргентиналық экономист Р. Пербиш енгізді.[1][2]

Тағы қараңыз

Дамушы елдер тізімі

Жаңадан өнеркәсіптенген елдер
2018 жыл бойынша елдердің Жан басына шаққандағы ЖІӨ (номиналды))[3]
Әлемдік аймақтар жалпы байлығы бойынша (триллион АҚШ долларымен), 2018 ж

Дереккөздер