Латын Америкасы

Латын АмерикасыСолтүстік Американың оңтүстік бөлiгi (Рио-Браво-дель-Норте өзенінің оңтүстігінен бастап бүкiл Орталық Америка мен Вест-Үндістан аралдарын қамтиды) мен бүкiл оңтүстік Америка аумағындағы елдердің жалпы атауы. Жалпы аумағы 22,8 млн. км². Халқы 479 млн. адам.

Латын Америкасының шекарасы

15 – 16-ғасырларда қазіргі Латын Америкасы аумағында өмір сүріп жатқан жергілікті тайпаларды (Колумб үндістер деп атаған) Испания және Португалия жаулап алып, отар елдерге айналдырды. 1810 – 26 ж. тәуелсiздiк жолындағы соғыстар нәтижесiнде Америкадағы барлық отарлар Испаниядан бөлiнiп шықты. 1822 ж. Бразилия Португалиядан бөлiндi. Осыдан кейiн Латын Америкасында дербес мемлекеттер құрыла бастады. Қазiр Латын Америкасында 33 мемлекет және Франция, Нидерланд, АҚШ-тың бiрнеше тәуелдi аумақтары орналасқан. Олар: Антигуа және Барбуда, Аргентина, Багам аралдары, Барбадос, Белиз, Боливия, Бразилия, Венесуэла, Гаити, Гайана, Гватемала, Гондурас, Гренада, Доминика, Доминикан Республикасы, Колумбия, Коста-Рика, Куба, Мексика, Никарагуа, Панама, Парагвай, Перу, Сальвадор, Сент-Китс және Невис, Сент-Люсия, Сент-Винсент және Гренадина, Суринам, Тринидад және Тобаго, Уругвай, Чили, Эквадор, Ямайка. Ұлттық құрамы өте күрделi этникалық және тарихи процестерден өткен (еуропалықтардың ұрпақтары, үндiстер, метистер, негрлер, мулаттар, т.б.). Мұнда ресми және мемлекеттік тiл ретiнде негiзiнен испан тiлi, ал Бразилияда – португал тiлi, Гаитиде – француз тiлi, Суринамда – нидерланд тiлi саналады. Одан басқа 14 кiшi мемлекет, Ямайка мен Багам аралдары халықтары ағылшын тiлiнде сөйлейдi. Жалпы халықтың 10%-на жуығы үндiс және жергiлiктi диалектiнi қолданады.[1]

Туризм

Латын Америкасындағы халықаралық туризм көрсеткіштері
ЕлХалықаралық
туристтер
келу
2009
Millions of USD
Халықаралық
туризм
қабылдау
2009
Millions of USD
Түсім әр
келушіден (2)/(1)
2009
(USD/Tourist)
Receipts
per capita
2009[2]
USD
Revenues as %
of exports
goods and
services
2003
Tourism
revenues
as %
GDP
2003
% Direct &
indirect
employment
in tourism
2005
World
Ranking
Tourism
Compet.
TTCI
2011
Index
value
TTCIJennifer Blanke and Thea Chiesa, Editors Travel & Tourism Competitiveness Report 2011. World Economic Forum, Geneva, Switzerland (2011). Тексерілді, 14 наурыз 2011.
2011
 Аргентина4,3293,916905967.41.89.1604.20
 Боливия671279416299.42.27.61173.35
 Бразилия4,8025,3051,105273.20.57.0524.36
 Чили2,7501,568570945.31.96.8574.27
 Колумбия1,999446.61.45.9773.94
 Коста-Рика1,9232,0751,07948817.58.113.3444.43
 Куба2,4052,080865181
 Доминикан Республикасы3,9924,0651,01842136.218.819.8723.99
 Эквадор968663685456.31.57.4873.79
 Сальвадор1,0913192924412.93.46.8963.68
 Гватемала1,3928205896116.02.66.0863.82
 Гаити*12*19.43.24.7
 Гондурас8706117027813.55.08.5883.79
 Мексика21,45411,2755261015.71.614.2434.43
 Никарагуа9323463715915.53.75.61003.56
 Панама1,2001,4831,23644110.66.312.9564.30
 Парагвай439112255164.21.36.4 1233.26
 Перу2,1402,046956699.01.67.6694.04
 Уругвай2,0551,31163837514.23.610.7584.24
 Венесуэла788291.30.48.11063.46

Пайдаланылған cілтемелер