Егістік күнзе

Егістік күнзе (лат. Coriandrum sativum) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөп тектес өсімдік.[1]

Егістік күнзе

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
Бөлімі:Гүлді өсімдіктер
Табы:Қос жарнақтылар
(unranked)Asterids
Сабы:Apiales
Тұқымдасы:Apiaceae
Кіші тұқымдасы:Apioideae
Тайпасы:Coriandreae
Тегі:Coriandrum
Түрі:C. sativum
Екі-есімді атауы
Coriandrum sativum
L.

Сипаты

  • Биіктігі 30-70 см-ге жуық.
  • Сабағы жұмыр, түзу әрі жоғарғы жағында жайыла өседі. Төменгі жағындағы жұмыртқа тәрізді сүйір жапырақтарының сағақтары ұзын, екі-үш бөлімді, сабақтың жоғарғы жағындағы жапырақтары отырмалы, құстың қауырсыны секілді бірнеше жіңішке, ұзын бөлімдерге бөлінген.
  • Гүлдері майда, ақ немесе ашық қызыл түсті, гүл жапырақшалары бесеу, қолшатыр тәрізденіп шоғырланып тұрады.
  • Шілде айынан тамыз айына дейін гүлдейді, жемісі тамыз-қыркүйек айларында піседі. Жемісі піспей тұрғанда өсімдіктен қандаланың иісіне ұқсас жағымсыз иіс шығады. Жемісі піскеннен кейін хош иіс аңқиды.
  • Егістік кориандр мәдени өсімдік ретінде егіледі. Кей жерлерде жабайыланып кеткендері де кездеседі.

Емдік қасиеті

Тағы қараңыз

Дереккөздер