Екпе сұлы

Екпе сұлы (лат. Avena sativa) – астық тұқымдасының сұлы туысына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Екпе сұлының өзінің үш түрі бар: жайылма түрі (grex. var. diffusae) - гүлшоғырының сыпыртқысы кең жайылған және дәнінің қауызы бар, біржалды түрі (grex. var. orientalis) - гүлшоғырының сыпыртқысы қысыңқы, дәнінің сыртында қауыз бар, ашық дәнді түрі (grex. var. nudae) - дәнінің қауызы жоқ.[1]

Екпе сұлы

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
(unranked)Дара жарнақтылар
(unranked)Commelinids
Сабы:Poales
Тұқымдасы:Poaceae
Кіші тұқымдасы:Pooideae
Тайпасы:Aveneae
Тегі:Avena
Түрі:A. sativa
Екі-есімді атауы
Avena sativa
L. (1753)

Сипаты

Жем өндіру мақсатымен өсірілетін жаздық дақыл, ылғалды жерде жақсы өседі, суыққа төзімді, топырақ талғамайды.

Дәнінің құрамы

Вегетация кезеңі

Ауыспалы егісте бидайдан, отамалы, бұршақ дақылдарынан кейін егіледі. Жылу сүйгіштігіне қарай ерте көктемде, топырақтың тұқым сіңірілетін тереңдігі 5-7°С-қа жылыған кезден бастап себеді. Вегетация кезеңі - көктеуі, түптенуі, түтік шығаруы, масақтануы, гүлденуі, дәнінің толып, пісуі 70-95 күнге созылады. Өнімнің түсім мөлшері сұлының ауыспалы егіс жүйесіндегі орны, топырақ өңдеудің сапасы, минералды тыңайтқыштардың түрлері мен мөлшері, оларды топыраққа ендіру тәсілдері мен себу мерзімі, өскіндерді зиянкестер мен аурулардан қорғау сияқты маңызды технологиялық жағдайларға байланысты.

Аудандастырылған сорттары

  • Золотой дождь
  • Льговский 1026
  • Марктон
  • Мирный
  • Орел
  • Синельниковский 14
  • Сельма

Сұлының негізгі зиянкестері мен аурулары

Зиянкестері:

  • сұлы трипсі
  • кәдімгі астық биті

Аурулары:

Шаруашылықтағы маңызы

Сұлының шаруашылықта алар орны ерекше. Біріншіден, ол - құнарлы мал азығы. Сұлы дәні мал азығының құндылығының халықаралық өлшем бірлігі болып саналады. Басқа дақылдардың дәндерімен араластырылған сұлы жас төлдердің ағзасының тез және мықты болып қалыптасуына жағдай жасайды. Сұлы қосылған концентрлі азық құс шаруашылығында кеңінен қолданылады. Сұлының сабаны басқа дақылдардың сабанына қарағанда қоректік заттарға бай және малға жағымды болады. Сонымен қатар, оның ылғал сіңіргіштік қасиетіде жоғары болғандықтан ірі қара және шошқа шаруашылығында төсеніш ретінде пайдаланылады.
Екіншіден - азық-түліктік дақыл. Оның дәнінен жарма, тағы сол сияқты тағамға керек заттар алады, яғни тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады. Үшіншіден, сұлының құрамында валин, лизин және триптофан сияқты алмастырылмайтын амин қышқылдары көп мөлшерде болғандықтан әр түрлі ауруларға қарсы ем үшін медицина саласында және құнды диеталық тағам ретінде пайдаланады.

Сұлы жұқпалы аурулардан қорғайды

АҚШ ғалымдары сұлы өнімдерінің венероло­гия­лық ауруларға қарсы емі бар екенін анықтады. Бұл дәнді дақылдың емдік қасиеті – оның құрамындағы арги­нин аминқышқылында.

Ғалымдардың мәлі­ме­тін­ше, ағзаны мерез, соз, ұшық сияқты тері-ве­­не­рологиялық аурулар­дан қорғау үшін денедегі мак­ро­фаг жасушалардың қызметін күшейту керек. Бұл жасушалар ауру қоз­дырғыштары мен басқа да бөгде жасушаларды жоя алады. Ал макрофаг­тардың белсенді әрекет етуі үшін ағзада аргинин аминқышқылы көп бо­луы қажет. Мұндай хим­ия­лық зат сұлы мен жүгерінің құра­мын­да бар. Зерттеушілердің айтуынша, күнжіт, мейіз, жаң­ғақ пен шоколад құрамында да жыныстық жолмен жұғатын ауру­лардан қорғайтын аргинин аминқышқылы көп болады.[2]

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер