Серхио Агуэро

Серхио Леонель Агуэро дель Кастильо (ис. Sergio Leonel Agüero del Castillo; 2 маусым 1988 жылы, Кильмесь, Буэнос-Айрес провинцияcы, Аргентинада туған) — аргентиналық футболшы.

Серхио Агуэро Футбол
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Серхио Леонель Агуэро дель Кастильо

Лақап аттары

Кун

Туған күні

2 маусым 1988 (1988-06-02) (35 жас)

Туған жері

Кильмес, Аргентина

Азаматтығы

 Аргентина

Бойы

173 см

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Жастар клубы
1997—2003Аргентина Индепендьенте
Клуб карьерасы[* 1]
2003—2006Аргентина Индепендьенте54 (23)
2006—2011Испания Атлетико Мадрид175 (74)
2011—2021Англия Манчестер Сити275 (184)
2021Испания Барселона4 (1)
2003—2021Барлығы карьерасында508 (282)
Ұлттық құрамы[* 2]
2004Аргентина Аргентина-165 (3)
2005—2007Аргентина Аргентина-2011 (6)
2006—2021Аргентина Аргентина101 (41)
2008Аргентина Аргентина (олимп.)5 (2)
Марапаттары мен медальдары
Олимпиада ойындары
АлтынБейжің 2008
Әлем Чемпионаты
КүмісБразилия 2014
Америка кубогы
КүмісЧили 2015
КүмісАҚШ 2016
ҚолаБразилия 2019
АлтынБразилия 2021

Карьерасы

Клубтық

Серхио Агуэро 1988 жылдың 2 маусымының Кильместе туды, Буэнос-Айресте қала маңының көп балалы отбасында дүниеге келді. Агуэро балалық шағында білімге аса тырыспады. Мектепте оған математика және ағылшын тілі ұнаған. Көшеде, үлкен балалармен ойнау арқасында Агуэро өзінің барлық қабілеттерін жақсартты - техниканы, жылдамдықты.

«Идепендьенте» балалар командасында Агуэро Аргентина елінің чемпионы болды. Содан кейін Агуэроға Франсиско Ферраро, Аргентинаның жастар құрамасының бапкерінің көзі түсті. Біраз уақыттан кейін Агуэроны — «Реал» (Мадрид), «Бавария»(Мюнхен), «Манчестер Юнайтед» байқады. Агуэроға Аргентинаның басты құрамына орын табылған жоқ, онымен бірге Мессиға да, Тевесқа да.

2006 жылы 30 мамырда «Индепендьенте» Агуэроны «Атлетико» командасына 23 миллион евроға сатып жіберді. Торрес «Ливерпуль» командасына кеткеннен соң, Агуэро «Атлетико Мадрид» командасының жаңа капитаны болды.

2010 жылдың 4 қантарында Агуэро «Атлетико» командасымен 2014 жылға дейін келісім-шартын 5,8 миллион евроға ұзартты.

«Тоттенхэм» командасы қантардың соңында Агуэроны 45 миллион евроға сатып алғысы келді. Бірақ «Атлетико» бас тартумен жауап берді.

2011 жылдың мамырында Агуэро «Атлетико» командасынан кетуін жариялады. Агуэроның бағасы 38 миллион фунт болды.

2011 жылы Копа Америка чемпионаты біткенен кейін, аргентиналық ойыншы өз Отанында қалып «Манчестер Сити», «Атлетико» командасымен келісім сөздер жүргізіп жатты. 26 шілде күні Манчестер қаласына ұшып барып, келісім шартқа қол қойып, сол күннен бастап «Манчестер Сити» командасының ойыншысы болып танылды. Бұл келісімнің суммасы 38 миллионов фунтты құрады. Ал аргентиналық ойыншының жалақысы аптасына 226 мың фунт, ал жылына 11,8 миллион фунт. «Манчестер Сити» командасында Агуеро 10 номерде ойнады. Аргентина шабуылшысы «Манчестер Сити» клубымен 5 жылдық келісім шарт қойды. Алғашқы ойынын 16 тамызда «Суонси Сити» құрамасына қарсы ойына Агуэро екі гол соғып, шалқалай құлап нәтижелі пас берді. Нәтижесінде «Манчестер Сити» 4:0 есебімен жеңіске жетті.

2011-2021 жылдар аралығында «Манчестер Сити» сапында 10 жылын өткізіп, 2021/22 маусымда Англия чемпионы атанды және де Чемпиондар лигасының финалына дейін жетті. Ал 1 шілдеде Агуэро клубтан кетіп, еркін агент ретінде "Барселона" клубына ауысты.

Халықаралық

Қатысқан турнирлері

  • Жастар арасындағы әлем чемпионаты: 2005, 2007
  • Жазғы Олимпиада: 2008
  • Әлем чемпионаттары: 2010, 2014, 2018
  • Америка кубогы: 2011, 2015, 2016, 2019, 2021

Жетістіктері

Командалық

«Атлетико Мадрид»
  • Интертото кубогы: 2007
  • Еуропа лигасы: 2010
  • УЕФА суперкубогы: 2010
«Манчестер Сити»
  • Англия чемпионы (4): 2011/12, 2013/14, 2017/18, 2018/19, 2021/22
  • Англия кубогы: 2018/19
  • Англия суперкубогы (3): 2012, 2018, 2019
  • Лига кубогы (5): 2013/14, 2015/16, 2017/18, 2018/19, 2019/20
Аргентина
  • Жастар арасындағы әлем чемпионы (2): 2005, 2007
  • Олимпиада чемпионы: 2008
  • Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 2014
  • Америка кубогының күміс жүлдегері: 2015, 2016
  • Америка кубогының жеңімпазы: 2021

Жеке

  • «Манчестер Сити» тарихындағы үздік мерген: 254 гол
  • Жастар арасындағы әлем чемпионатының үздік мергені 2007 (6 гол)
  • Англия чемпионатында ең көп гол соққан шетелдік ойыншы: 184 гол

Дереккөздер

Сілтемелер