Прометий
Прометий (лат. Promethium; Pm) — Менделеевтің периодты системасының ІІІ тобындағы радиоактивті химиялық элемент; рет нөмірі 61, лантанидтер қатарына жатады. Қысқа уақыт сақталатын радитоактивті элемент болғаннан кейін табиғатта өте сирек кездеседі. Ең ұзақ сақталатын изотопының 145Pm жартылай ыдырау мерзімі Т1/2 = 18 ж.
| |||||
Атом қасиеті | |||||
---|---|---|---|---|---|
Атауы, символ, нөмірі | Прометий, 61 | ||||
Топ типі | |||||
Топ, период, блок | ІІІ, 6, f | ||||
Атомдық масса (молярлық масса) | |||||
Электрондық конфигурация | [Xe] 4f5 6s2 | ||||
Қабықшалар бойынша электрондар | 2, 8, 18, 23, 8, 2 | ||||
Атом радиусы | 183 пм | ||||
Химиялық қасиеттері | |||||
Ковалентті радиус | 199 пм | ||||
Электртерістілігі | 1,1 (Полинг шкаласы) | ||||
Иондалу энергиясы | |||||
Жай заттың термодинамикалық қасиеттері | |||||
Термодинамикалық фаза | |||||
Тығыздық (қ.ж.) | 7,26 г/см³ | ||||
Балқу температурасы | 1441 K | ||||
Қайнау температурасы | ~3273 K | ||||
Жай заттың кристаллдық торы | |||||
c/a қатынас | 3,19 | ||||
Басқа да қасиеттері | |||||
Жылуөткізгіштік | (300 K) 17,9 Вт/(м·К) | ||||
CAS нөмірі | 7440-12-2 |
1945 ж. американ ғылымдары Джакоб Маринский, Лоуренс Гледенин және Чарльз Кориелл уран бөлінуі кезінде пайда болған өнімнен 147Pm изотопын (жартылай ыдырау мерзімі Т1/2 = 2,7 ж. ) алған. Атауын грек мифологияның кейіпкері - адамдарды қорғайтын және отты Зевстен алып кетіп адамдарға берген каһарманы - Прометейдің атынан алған.
Металл Прометийдің тығыздығы 7,26 г/сm², балқу температурасы t = 1080°С. Қосылыстарында +3 валентті.
Прометийдің таза күйінде тотығы Pm2О3, хлориді Pm2, нитраты Pm(NO3)3, сондай-ақ оксалаты Pm2(С2O4)3*10Н2O алынған 147Pm изотопы ұзақ уақыт ыдырамай сақталатын радиоактивті улы зат, бұл атом бомбасы жарылғанда түзеледі.
Алынуы
Металл прометий PmF3-тен металлотермия арқылы алынады. 147Pm ядролық реакторларда түзілген әртүрлі элементтердің радиоактивті изотоптарының қоспасынан бөлінеді.
- Jacob A. Marinsky
- Lawrence E. Glendenin
- Charles D. Coryell
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998