Eurovision ән байқауы

Eurovision ән Байқауы (ағылш. Eurovision Song Contest; фр. Concours Eurovision de la chanson) — Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) мүше мемлекеттер арасындағы эстрадалық әндер байқауы.[1]

https://eurovision.tv және https://www.eurovision.de
Eurovision байқауының логотипі

Байқауда қатысуға ниет білдірген Еуропалық хабар тарату одағының әр бірмүше елден бір ғана өкілден қатыса алады. Фестиваль тікелей эфирде өткізіледі. Әрбір елден, өлеңі үш минуттан аспайтын бір ғана өкіл (жеке орындаушы немесе ұжым) қатыса алады. Ән орындалуы кезінде сахнада бір уақытта алты әртістен артық болмауы керек. Барлық өлеңдер орындалғаннан кейін, аса танымал ән финалда және жартылай финалда қатысқан елдердің телекөрермендер және жюри дауыс беру арқылы таңдалады.[2]

Байқау жыл сайын 1956 жылдан бастап өткізіледі және әлемдегі ең танымал спорттық емес шара болып табылады.[3]. Көрермендер саны 600 миллион адамға дейін жетеді[4][5]. Сонымен қатар, Еуропа аумағына кірмейтін және Eurovision-ге қатыспайтынына қарамастан байқау Қазақстанда және Қырғызстанда, Аустралияда, Канадада, Мысырда, Үндістанда, Ливанда, Оңтүстік Африкада, Оңтүстік Кореяда, АҚШ-та және басқа елдерде көрсетіледі[6][7]. 2000 жылдан бастап байқау ғаламторда көрсетіледі[8]; атап айтқанда, 2006 жылы онлайн-трансляцияны 74 мың адам тамашалады[9].

Eurovision байқауы кейбір әртістердің атақтылығына қомақты үлес қосты. Мысалы, аты аңызға айналған швециялық ABBA тобы[10] және Селин Дион [11] байқаудан кейін әлемге танымал болды.[12][13]

Аталмыш байқауға Қазақстан 2011 жылдан бері қатысуға тырысып келеді. Бірақ, EBC талаптарына сай келмегендіктен қатыса алмай келеді.

Әнші Манижа Ресей атынан Eurovision 2021 байқауына қатысады.

Жеңімпаздар

Қатысушы елдер
ЖылЕлӘнӘнші
1956 ШвейцарияRefrainЛиз Ассиа
1957 НидерландNet Als ToenКорри Броккен
1958 ФранцияDors, Mon AmourАндре Клаво
1959 НидерландEen BeetjeТедди Схолтен
1960 ФранцияTom PillibiЖаклин Бойер
1961 ЛюксембургNous les amoureuxЖан-Клод Паскаль
1962 ФранцияUn premier amourИзабель Обре
1963 ДанияDanseviseГрета және Юрген Ингманн
1964 ИталияNon ho l'età (per amarti)Джильола Чинкветти
1965 ЛюксембургPoupée de cire, poupée de sonФранс Галль
1966 АустрияMerci ChérieУдо Юргенс
1967 ҰлыбританияPuppet On A StringСэнди Шоу
1968 ИспанияLa, la, laМассиель
1969 ИспанияVivo CantandoСаломе
ҰлыбританияBoom Bang-a-BangЛулу
НидерландDe TroubadourЛенни Кюр
ФранцияUn jour, un enfantФрида Боккара
1970 ИрландияAll Kinds Of EverythingДана Розмери
1971 МонакоUn banc, un arbre, une rueСеверин
1972 ЛюксембургAprès ToiВики Леандрос
1973 ЛюксембургTu Te ReconnaîtrasАнна Мария Давид
1974 ШвецияWaterlooABBA
1975 НидерландDing-A-DongTeach-In
1976 ҰлыбританияSave Your Kisses For MeBrotherhood of Man
1977 ФранцияL'Oiseau Et L'EnfantМари Мириам
1978 ИзраильA-Ba-Ni-BiИзхар Коэн және Alphabeta
1979 ИзраильHallelujahГали Атари және Milk and Honey
1980 ИрландияWhat's Another Year?Джонни Логан
1981 ҰлыбританияMaking Your Mind UpBucks Fizz
1982 ГерманияEin Bisschen FriedenНиколь
1983 ЛюксембургSi la vie est cadeauКорин Эрме
1984 ШвецияDiggi-Loo Diggi-LeyHerreys
1985 НорвегияLa det swingeBobbysocks
1986 БельгияJ'aime la vieСандра Ким
1987 ИрландияHold Me NowДжонни Логан
1988 ШвейцарияNe partez pas sans moiСелин Дион
1989 ЮгославияRock MeRiva
1990 ИталияInsieme: 1992Тото Кутуньо
1991 ШвецияFångad av en stormvindКарола
1992 ИрландияWhy Me?Линда Мартин
1993 ИрландияIn Your EyesНив Кавана
1994 ИрландияRock 'n' Roll KidsПол Харрингтон және Чарли Макгеттиган
1995 НорвегияNocturneSecret Garden
1996 ИрландияThe VoiceЭймар Куинн
1997 ҰлыбританияLove Shine A LightKatrina and the Waves
1998 ИзраильDivaDana International
1999 ШвецияTake Me to Your HeavenШарлотта Нильсон
2000 ДанияFly On The Wings Of LoveOlsen Brothers
2001 ЭстонияEverybodyТанель Падар, Дэйв Бентон және 2XL
2002 ЛатвияI WannaМэри Н
2003 ТүркияEveryway That I CanСертаб Эренер
2004 УкраинаWild DancesРуслана
2005 ГрекияMy Number OneЕлена Папаризу
2006 ФинляндияHard Rock HallelujahLordi
2007 СербияMolitvaМария Шерифович
2008 РесейBelieveДима Билан
2009 НорвегияFairytaleАлександр Рыбак
2010 ГерманияSatelliteЛена Майер-Ландрут
2011 ӘзірбайжанRunning ScaredEldar & Nigar
2012 ШвецияEuphoriaЛорин
2013 ДанияOnly TeardropsЭммили де Форест
2014 АустрияRise Like a PhoenixКончита Вурст
2015 ШвецияHeroesМонс Сельмерлёв
2016 Украина1944Жамала
2017 ПортугалияAmar pelo's doisСальвадор Собрал
2018 ИзраильToyНетта Барзилай
2019 НидерландыArcadeДункан Лоуренс
2020коронавирус пандемиясына байланысты өтпей қалған
2021 ИталияZitti e buoniMåneskin

Дереккөздер