Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысыБіріккен Ұлттар Ұйымы Хатшылығының күнделікті жұмысына басшылық жасайтын лауазым иесі.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы
Secrétaire Général des Nations Unies
Secretaría General de las Naciones Unidas
أمين عام الأمم المتحدة
联合国秘书长
Генеральный секретарь ООН
سیکٹری جنرل اقوامِ متحدہ

БҰҰ эмблемасы

Лауазымды иеленуші
Португалия Антониу Гутерреш
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап
Басшылық етеді

БҰҰ Секретариаты

Ресми резиденциясы

Саттон-плейс, Нью-Йорк

Лауазым пайда болды

24 қазан, 1945

Лауазымдағы алғашқы қызметші

Глэдвин Джебб (уақытша хатшы ретінде)
Трюгве Хальвдан Ли (тұңғыш бас хатшы ретінде)

Сайлаушы

БҰҰ Бас Ассамблеясы

Ұсынушы

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі

БҰҰ Бас хатшысын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ұсынысымен, БҰҰ Бас Ассамблеясы 5 жыл мерзімге тағайындайды. Мерзім тағы да 5 жылға созылуы мүмкін. Бас хатшысы жыл сайын Бас Ассамблеяда БҰҰ-ның әр саладағы қызметі туралы баяндама жасайды, БҰҰ шеңберінде ұйымдастырылған халықаралық конференцияларға қатысады. Ол әкімшілік қызметімен және күнделікті жұмыстарды басқарумен қатар, БҰҰ-ның басқа да органдарының шешімдерінің орындалуын қадағалайды, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретін кез келген мәселені Қауіпсіздік Кеңесінің назарына қояды, мемлекеттер арасындағы шиеліністерді шешудің бейбіт жолдарын ұсынады.

БҰҰ Бас хатшыларының тізімі

БҰҰ құрылғалы бері Бас хатшылары:

АтыФотоМемлекетӨкілдіктің басталуыӨкілдіктің аяқталуы
-Глэдвин Джебб
Ұлыбритания
(Батыс Еуропа)
24 қазан 19451 ақпан 1946
1Трюгве Хальвдан Ли
Норвегия
(Батыс Еуропа)
2 ақпан 194610 қараша 1952
2Даг Хаммаршельд
Швеция
(Батыс Еуропа)
10 сәуір 195318 қыркүйек 1961
3У Тан
Бирма
(Азия)
30 қараша 19611 қаңтар 1972
4Курт Вальдхайм
Аустрия
(Батыс Еуропа)
1 қаңтар 19721 қаңтар 1982
5Хавьер Перес де Куэльяр
Перу
(Оңтүстік Америка)
1 қаңтар 19821 қаңтар 1992
6Бутрос Бутрос-Гали
Мысыр
(Африка)
1 қаңтар 19921 қаңтар 1997
7Кофи Аннан
Гана
(Африка)
1 қаңтар 19971 қаңтар 2007
8Пан Ги Мун
Оңтүстік Корея
(Азия)
1 қаңтар 20071 қаңтар 2017
9Антониу Гутерреш
(порт. António Guterres)
Португалия
(Батыс Еуропа)
1 қаңтар 2017Қазір офисте

Дереккөздер