Араб мемлекеттері Лигасы

Араб мемлекеттері Лигасы (араб.: جامعة الدول العربية‎‎; Джамиғату ад-Дуали әл-Арабийя) – арабтар мекендеген елдерінің өзара ынтымағын нығайтуды, сыртқы саясатын үйлестіруді, тәуелсіздігі мен мүдделерін қорғауды мақсат еткен ұйым. Бас пәтері Мысыр астанасы – Каирда орналасқан.

Араб Лигасы
араб.: جامعة الدول العربية
Джа̄миаът әд-Дуаль әл-Аърабийя

Араб Лигасының мүше-мемлекеттері қара жасыл түспен; мүшелігін тоқтатқан мемлекеттер ашық жасыл түспен боялған
Мүшелік:

22 мүше мемлекеті бар:
 Алжир
 БАӘ
 Бахрейн
 Джибути
 Ирак
 Иордания
 Йемен
 Катар
 Коморлар
 Кувейт
 Ливан
 Ливия
 Мавритания
 Марокко
 Мысыр
 Оман
 Палестина
 Сауд Арабиясы
 Сирия
 Сомали
 Судан
 Тунис

Әкімшілік орталығы:

Каир, Мысыр

Ұйым түрі:

Региондық халықаралық ұйым

Ресми тілі:

араб тілі

Басшылары
Бас Хатшысы

Ахмед Әбол Ғейт

Парламент Спикері

Әли әл-Дақбааши

Кеңес Президенттігі

 Судан

Құрылуы
Құрылуы

22 наурыз 1945

http://www.lasportal.org/Pages/Welcome.aspx
Ортаққор логотипі Араб мемлекеттері Лигасы Ортаққорда

Тарихы

1945 жылы 22 наурызда әл-Қаһира қаласында құрылған.[1] Лиганың ресми штаб-пәтері Мысыр қаласы Каирдағы Бустан Сарайында болды. Құрамында басында 5 ел (Мысыр, Ирак , Сирия, Ливан, Иордания) болған, кейін Йемен мен Сауд Арабиясы қосылды. Оған тәуелсіздікке қолы жеткен араб мемлекеттері қабылданып, қазір лига 22 елді біріктіріп отыр. Олар (жоғарыда айтылғандардан басқа): Мавритания, Марокко, Алжир, Ливия, Судан, Джибути, Эритрея, Сомали, Оман, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Бахрейн, Кувейт, Палестина.

Жамағаттың жоғарғы құрымы – Сыртқы істер министрлерінің кеңесі. Кеңес жылына екі рет өтеді. Ұйымның тұрақты органдары – Бас хатшылық, Бас хатшы кеңсесі; арнайы күштерінің (саяси, әскери, заң, қаржы-экономикалық, мәдени, т.б.) штаб-пәтері Мысыр астанасы – әл-Қаһирада орналасқан.

Араб лигасы өз тарихында салыстырмалы түрде төмен деңгейде ынтымақтастыққа қол жеткізді. Майкл Барнетт пен Этел Солингеннің пікірінше, Араб Лигасының дизайны араб көшбасшыларының режимнің сақталуына деген жеке алаңдаушылығын көрсетеді. Араб елдерінің әр басшысы биліктен айырылудан қорыққандығынан, Араб Лигасы ынтымақтастық пен бірлікті жасаудағы нәтижесі нашар.[2]

Құрамы

Бас хатшылары

  •  Мысыр Абдул Рахман Хассан Аззам (1945—1952);
  •  Мысыр Абдул Халек Хасуна (1952—1972);
  •  Мысыр Махмуд Риад (1972—1979);
  •  Тунис Шедли Клиби (1979—1990);
  •  Ливан Ассад аль-Ассад (1990-1991);
  •  Мысыр Ахмед Исмат Абдель Магид (1991—2001);
  •  Мысыр Амр Муса (2001-2011);
  •  Мысыр Набиль аль-Араби (2011-2016);
  •  Мысыр Ахмед Әбол Ғейт (2016 жылдан бастап).

Саммиттері

#ДатасыМемлекетҚала
113–17 қаңтар 1964 Біріккен Араб РеспубликасыКаир
25–11 қыркүйек 1964 Біріккен Араб РеспубликасыАлександрия
313–17 қыркүйек 1965  МароккоКасабланка
429 тамыз 1967  СуданХартум
521–23 желтоқсан 1969  МароккоРабат
626–28 қараша 1973  АлжирАлжир
729 қазан 1974  МароккоРабат
825–26 қазан 1976  МысырКаир
92-5 қараша 1978  ИракБағдат
1020–22 қараша 1979  ТунисТунис
1121–22 қараша 1980  ИорданияАмман
126–9 қыркүйек 1982  МароккоФес
131985  МароккоКасабланка
148 қараша 1987  ИорданияАмман
15маусым 1988  АлжирАлжир
161989  МароккоКасабланка
171990  ИракБағдат
181996  МысырКаир
1927–28 наурыз 2001  ИорданияАмман
2027–28 наурыз 2002  ЛиванБейрут
211 наурыз 2003  МысырШарм-эш-Шейх
2222–23 мамыр 2004  ТунисТунис
2322–23 наурыз 2005  АлжирАлжир
2428–30 наурыз 2006  СуданХартум
2527–28 наурыз 2007  Сауд АрабиясыЭр-Рияд
2629–30 наурыз 2008  СирияДамаск
2728–30 наурыз 2009  КатарДоһа
2827–28 наурыз 2010  Ливия Сирт
2927–29 наурыз 2012  ИракБағдат
3021–27 наурыз 2013  КатарДоһа
3125–26 наурыз 2014  КувейтКувейт
3228–29 наурыз 2015  МысырШарм-эш-Шейх
3320 шілде 2016  МавританияНуакшот
3423–29 наурыз 2017  ИорданияАмман
3515 сәуір 2018  Сауд АрабиясыДаһран
3631 наурыз 2019  ТунисТунис
371 қараша 2022  АлжирАлжир

Дереккөздер