Физиология немесе медицина саласында Нобель сыйлығы лауреаттарының тізімі

Физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығы (швед. Nobelpriset i fysiologi eller medicin) — физиология және медицина саласындағы жетістіктері үшін берілетін аса беделді марапат, жыл сайын Нобель қорымен Стокгольм қаласында ұсынылады. Бес Нобель сыйлығының бірі.

Үміткерлерді іріктеу

Нобель қорының жарғысына сәйкес, кандидаттарды ұсынуы мүмкін тұлғалар төмендегідей :[1][2][3]

  1. Корольдік Швед ғылым академиясының мүшелері;
  2. Медицина саласындағы А. Нобель еске алу сыйлығының комитетінің мүшелері ;
  3. Медицина саласы бойынша Нобельді еске алу сыйлығының лауреаттары;
  4. Швеция, Дания, Финляндия, Исландия және Норвегия жоғары оқу орындары мен колледждердің тиісті пәндер профессорлары болып тұрақты жұмыс істейтіндер;
  5. Ғылым академиясы арқылы таңдалған кем дегенде алты жоғары оқу орны немесе орындарында тиісті кафедралардың басшылары;
  6. Академия ұсыныстары қабылдануға тұрарлық деп есептейтiн басқа ғалымдар.

5 және 6-тармақтарында аталған оқытушылар мен ғалымдардың таңдауға қатысты шешімдер, қыркүйек айының соңына дейін жыл сайын қабылданады.

Лауреаттар тізімі

1900-шы1910-шы1920-шы1930-шы1940-шы1950-ші1960-ші1970-ші1980-ші1990-шы2000-шы2010-шы2020-шы

1900-шы

ЖылСуретіЕл, лауреатМарапаттау негіздемесіАқпарат қайнары
1901 Эмиль Адольф фон БерингМедициналық ғылымда жаңа бағыттар ашқан және ауру мен өлімге қарсы дәрігерлердің қолына жеңіс қаруын берген, іркіт терапиясы туралы жұмысы үшін, негізінен оны дифтерияны емдеуде пайдаланғаны үшін.[4]
1902 Рональд РоссБезгекпен жұмысы үшін, онда ол қоздырғыштың денеге қалай кіретінін көрсетті және, осылайша, және одан әрі табысты зерттеулер жүргізуге және осы салада безгекпен күрес әдістерін әзірлеуге негіз салды.[5]
1903 Нильс Рюберг ФинзенАуруларды емдеу қосқан үлесі тану - әсіресе, қызыл жегіні концентрацияланған жарық көмегімен ашқаны үшін - медициналық ғылымда жаңа көкжиектер ашты.[6]
1904 Иван Петрович ПавловАс қорыту жүйесінің физиологиясы бойынша жұмыстары үшін, және осы мәселенің өмірлік аспектілерін кеңейт3fg және түсінікті өзгерткен үшін.[7]
1905 Роберт КохТуберкулезді емдеуге қатысты зерттеулері және ашылулары үшін.[8]
1906 Камилло ГольджиЖүйке жүйесінің құрылымы бойынша жұмыстарын тану белгісі ретінде.[9]
Сантьяго Рамон-и-Кахаль
1907 Шарль Луи Альфонс ЛаверанҚарапайымдылардың аурудағы рөлін зерттегені үшін.[10]
1908 Илья Ильич МечниковИммунитет бойынша еңбегі үшін[11]
Пауль Эрлих
1909 Эмиль Теодор КохерҚалқанша безі физиологиясы, патологиясы және хирургиясы саласындағы жұмысы үшін.[12]

1910-шы

ЖылСуретіЕл, лауреатМарапаттау негіздемесіАқпарат қайнары
1910 Альбрехт КоссельНуклеиндік заттарды қоса алғанда, ақуыздар бойынша зерттеулер енгізіген жасушалық химияны зерттеуге қосқан үлесі үшін.[13]
1911 Альвар ГульстрандКөздің диоптрикасымен жұмысы үшін.[14]
1912 Алексис КаррельТамыр тігісі және қан тамырлары мен мүшелердің трансплантациясы бойынша өз жұмысының тану үшін.[15]
1913 Шарль РишеАнафилаксия бойынша жұмысын тану белгісі ретінде.[16]
1914 Роберт Барани
(1915 ж. берілді)
Вестибулярлық аппараттың физиологиясы мен патологиясымен жұмысы үшін.[17]
1915Сыйлық берілмеді.Қолма-қол қаражаттар арнайы қор бөліміне енгізілген.[18]
1916Сыйлық берілмеді.Қолма-қол қаражаттар арнайы қор бөліміне енгізілген.[19]
1917Сыйлық берілмеді.Қолма-қол қаражаттар арнайы қор бөліміне енгізілген.[20]
1918Сыйлық берілмеді.Қолма-қол қаражаттар арнайы қор бөліміне енгізілген.[21]
1919 Жюль Борде
(1920 ж. берілді)
Иммунитетке қатысты ашылулары үшін.[22]

1920-шы

ЖылСуретіЕл, лауреатМарапаттау негіздемесіАқпарат қайнары
1920 Август КрогКапиллярлардың саңылауды реттеу механизмін ашқаны үшін.[23]
1921Сыйлық берілмеді.Қолма-қол қаражаттар арнайы қор бөліміне енгізілген.[24]
1922 Арчибалд ХиллБұлшықеттегі дене құрау саласындағы ашылулары үшін.[25]
Отто Мейергоф
(1923 ж. берілді)
Бұлшықеттегі оттегіні сіңіру процесі мен сүт қышқылының метаболизмі арасындағы тығыз қарым-қатынас ашқаны үшін.
1923 Фредерик БантингИнсулинді ашқаны үшін.[26]
Джон Маклеод
1924 Виллем ЭйнтховенЭлектрлік кардиограмма механизмін ашқаны үшін.[27]
1925Сыйлық берілмеді.Қолма-қол қаражаттар арнайы қор бөліміне енгізілген.[28]
1926 Йоханнес Фибигер
(1927 ж. берілді)
Spiroptera туындататын карциноманы ашқаны үшін.[29]
1927 Юлиус Вагнер-ЯуреггПрогрессивті салды емдеуде безгекті жұқтырудың терапевтік әсерін ашқаны үшін.[30]
1928 Шарль НикольСүзек безгегін таратқыш - дене масаларын бекіткені үшін.[31]
1929 Христиан ЭйкманДәрумендердің ашылуына қосқан үлесі үшін.[32]
Фредерик Гоуленд ХопкинсӨсу процестерін ынталандыратын дәрумендерді ашқаны үшін.

1930-шы

ЖылСуретіЕл, лауреатМарапаттау негіздемесіАқпарат қайнары
1930 Карл ЛандштейнерАдамның қан тобын ашқаны үшін.[33]
1931 Отто Генрих ВарбургТыныс алу ферментін Іс-қимыл сипаты мен механизмін ашу үшін.[34]
1932 Чарльз Скотт ШеррингтонНейрондардың функциясына қатысты ашылулары үшін.[35]
Эдгар Дуглас Эдриан
1933 Томас Хант МорганТұқым қуалаудағы хромосоманың рөліне қатысты ашылулары үшін.[36]
1934 Джордж УипплБауырды қолдану арқылы пернициоздық анемияны емдеуге қатысты ашылулары үшін.[37]
Джордж Майнот
Уильям Мерфи
1935 Ханс ШпеманЭмбриональдық даму ұйымдастырылу әсерлерін ашқаны үшін.[38]
1936 Генри ДейлЖүйке импульстерінің химиялық берілуіне қатысты ашылулары үшін.[39]
Отто Леви
1937 Альберт Сент-ДьердиБиологиялық тотығу процестері саласындағы ашылулары үшін, атап айтқанда C дәрумені және фумар қышқылының катализіне байланысты зерттеулері үшін.[40]
1938 Корней Хейманс
(1939 ж. берілді)
Тыныстың реттеулуінде синусты және қолқа тетіктерінің рөлін ашқаны үшін.[41]
1939 Герхард Домагк[42]Пронтозилдың бактерияға қарсы әсерін ашқаны үшін [43]

1940-шы

ЖылСуретіЕл, лауреатМарапаттау негіздемесіАқпарат қайнары
1940Сыйлық берілмеді.Қолма-қол ақша қаражаттар арнайы қор бөліміне (2/3) және Нобель қорына (1/3) енгізілген[44]
1941Сыйлық берілмеді.Қолма-қол ақша қаражаттар арнайы қор бөліміне (2/3) және Нобель қорына (1/3) енгізілген[45]
1942Сыйлық берілмеді.Қолма-қол ақша қаражаттар арнайы қор бөліміне (2/3) және Нобель қорына (1/3) енгізілген[46]
1943 Хенрик Карл Петер ДамК дәруменін ашқаны үшін.[47]
Эдуард Адальберт Дойзи
(1944 ж. берілді)
К дәруменінің химиялық құрылымын ашқаны үшін.
1944 Джозеф ЭрлангерЖеке жүйке талшықтарының жоғары сараланған функцияларына қатысты ашылулары үшін.[48]
Герберт Спенсер Гассер
1945 Александр ФлемингПенициллинді ашқаны үшін және әр түрлі жұқпалы ауруларға емдік әсері үшін.[49]
Эрнст Борис Чейн
Говард Уолтер Флори
1946 Герман Джозеф МеллерХ-сәулелерден әсерінен болатын мутация болуын ашқаны үшін.[50]
1947 Карл Фердинанд Кори
(сыйлықтың 14-і)
Гликогеннің каталитикалық түрленуін ашқаны үшін.[51]
Герти Тереза Кори
(сыйлықтың 14-і)
Бернардо Альберто Усай
(сыйлықтың 12-і)
Глюкоза метаболизміндегі гипофиздердің алдыңғы бөлігіндегі гормондардың рөлін ашқаны үшін.
1948 Пауль Герман МюллерБайланыс уы ретінде ДДТ-ның жоғары тиімділігін ашқаны үшін.[52]
1949 Уолтер Гесс
(сыйлықтың 12-і)
Ішкі органдардың қызметін үйлестіруші ретінде аралық мидың функционалдық ұйымдастырылуын ашқаны үшін.[53]
Антониу Эгаш Мониш
(сыйлықтың 12-і)
Лоботомиялардың кейбір психикалық аурулардағы терапиялық әсерлерін ашқаны үшін.

1950-ші

ЖылСуретіЕл, лауреатМарапаттау негіздемесіАқпарат қайнары
1950 Эдуард КендаллБүйрек үсті қыртысының гормондар қатысты ашылулары, олардың құрылымы және биологиялық әсерлері үшін.[54]
Тадеуш Рейхштейн
Филип Хенч
1951 Макс ТейлерСары безгекке және оған қарсы күреске байланысты ашылулары үшін.[55]
1952 Зельман ВаксманТуберкулезді емдеуде бірінші тиімді антибиотик стрептомицинді ашқаны үшін.[56]
1953 Ханс Адольф Кребс
(сыйлықтың 12-і)
Лимон қышқылының циклын ашқаны үшін.[57]
Фриц Альберт Липман
(сыйлықтың 12-і)
А коферменті ашқаны үшін және оның метаболизмнің аралық кезеңдерінде мәні үшін.
1954 Джон ЭндерсӘр түрлі ұлпалардың мәдениеттерінде полиомиелит вирусының өсе алу қабілетін ашқаны үшін.[58]
Томас Уэллер
Фредерик Роббинс
1955 Хуго ТеорелльҚышқылдану ферменттерінің әрекет ету тетігі және сипаты туралы ашылулары үшін.[59]
1956 Андре КурнанҚан айналымы жүйесіндегі жүрек катетеризациясын және патологиялық өзгерістерге қатысты ашылулары үшін.[60]
Вернер Форсман
Дикинсон Ричардс
1957 Даниеле БовеАғзадағы кейбір заттардың әрекетін бұғаттайтын синтетикалық қосылыстарға қатысты ашылулары, және олардың тамыр-бұлшық жүйесіне әсері үшін.[61]
1958 Джордж Бидл
(сыйлықтың 14-і)
Нақты биологиялық процестердегі гендердің рөліне қатысты ашылулары үшін.[62]
Эдуард Тейтем
(сыйлықтың 14-і)
Джошуа Ледерберг
(сыйлықтың 12-і)
Бактериялардың генетикалық рекомбинациясы мен генетикалық материалдарының ұйымдастырылуына қатысты ашылулары үшін.
1959 Северо ОчоаРибонуклеин және дезоксирибонуклеин қышқылдарының биологиялық синтезінің тетіктерін ашқаны үшін.[63]
Артур Корнберг

1960-ші

ЖылСуретіЕл, лауреатМарапаттау негіздемесіАқпарат қайнары
1960 Фрэнк Макфарлейн БернетЖасанды иммундық толеранттылықты (төзімділік) ашқаны үшін.[64]
Питер Брайан Медавар
1961 Дьёрдь фон БекешиҰлудыӊ физикалық тітіркендіргіштерініӊ қабылдау тетіктерін ашқаны үшін .[65]
1962 Фрэнсис КрикНуклеин қышқылыныӊ молекулалық құрылымына қатысты жаңалықтары үшін және оныӊ тірі жүйелердегі ақпаратты аударудағы маңызы үшін.[66]
Джеймс Уотсон
Морис Уилкинс
1963 Джон ЭкклсЖүйке жасушаларыныӊ перифериялық және орталық үлестерімен қозу және тежелу тартылған иондық тетіктеріне қатысты ашылулары үшін.[67]
Алан Ходжкин
Эндрю Филдинг Хаксли
1964 Конрад БлохХолестерин және май қышқылдарын реттеу тетіктеріне қатысты ашылулары үшін.[68]
Феодор Линен
1965 Франсуа ЖакобФерменттерді және вирустардыӊ синтезін генетикалық бақылауға қатысты жаңалықтары үшін.[69]
Андре Львов
Жак Моно
1966 Фрэнсис Пейтон РоусОнкогенді вирустарды ашқаны үшін.[70]
Чарлз Брентон ХаггинсПростата қатерлі ісігін гормональды емдеуді ашқаны үшін.
1967 Рагнар ГранитКөздегі бастапқы биологиялық және химиялық көрнекі процестерге қатысты ашылулары үшін.[71]
Холден Хартлайн
Джордж Уолд
1968 Роберт ХоллиГенетикалық кодты декодтағаны үшін және ақуыз синтезіндегі оның рөлі үшін.[72]
Хар Гобинд Корана
Маршалл Ниренберг
1969 Макс ДельбрюкВирустардың репликациялық механизмі және генетикалық құрылымы туралы ашылулары үшін.[73]
Алфред Херши
Сальвадор Лурия

1970-ші

ЖылСуретіЕл, лауреатМарапаттау негіздемесіАқпарат қайнары
1970 Бернард КацНерв ұштарындағы, гуморальді таратқыштарға қатысты ашылулары үшін, оларды сақтау, босату және залалсыздандыру және тетіктері үшін.[74]
Ульф фон Эйлер
Джулиус Аксельрод
1971 Эрл СазерлендГормондардың Іс-қимыл тетіктеріне қатысты жаңалықтары үшін.[75]
1972 Джералд ЭдельманАнтиденелердің химиялық құрылымы туралы жаңалықтары үшін.[76]
Родни Портер
1973 Карл фон ФришЖануарлардың жеке және топтық мінез-құлық модельдерін құру және белгілеушге байланысты ашылулары үшін.[77]
Конрад Лоренц
Николаас Тинберген
1974 Альбер КлодЖасушаның құрылымдық және функционалдық ұйымдастырылу мәселелеріне қатысты ашылулары үшін.[78]
Кристиан де Дюв
Джордж Паладе
1975 Дейвид БалтиморОнкогенді вирустар және жасушалардың генетикалық материалы арасындағы өзара іс-қимылды, олардың жаңалықтардың үшін .[79]
Ренато Дульбекко
Хоуард Темин
1976 Барух БламбергЖұқпалы аурулардың пайда болуы мен таратылудың жаңа тетіктеріне қатысты олардың ашылулары үшін.[80]
Карлтон Гайдушек
1977 Роже Гиймен
(сыйлықтың 14-і)
Мидың Пептидті гормондарының секрециясына байланысты ашылулары үшін.[81]
Эндрю Шалли
(сыйлықтың 14-і)
Розалин Сасмен Ялоу
(сыйлықтың 12-і)
Пептидті гормондардың айқындауда радиоиммунологиялық әдістерді дамытқаны үшін.
1978 Вернер АрберШектеу ферментінін анықтағаны үшін және оларды молекулярлық генетикада пайдаланғаны үшін.[82]
Даниел Натанс
Хамилтон Смит
1979 Аллан КормакКомпьютерлік томографияны дамытқаны үшін.[83]
Годфри Хаунсфилд

1980-ші

ЖылСуретіЕл, лауреатМарапаттау негіздемесіАқпарат қайнары
1980 Барух БенасеррафИммундық реакцияларды реттейтін жасуша бетіндегі генетикалық кейбір құрылымдарға қатысты жаңалықтары үшін. [84]
Жан Доссе
Джордж Снелл
1981 Роджер Сперри
(сыйлықтың 12-і)
Ми жартышарлары функционалдық мамандануына қатысты ашылулары үшін.[85]
Дэвид Хьюбел
(сыйлықтың 14-і)

Нейрондық құрылымдардағы ақпаратты өңдеу принциптері туралы жаңалықтары үшін

Торстен Визель
(сыйлықтың 14-і)
1982 Суне БергстрёмПростагландиндерге және оларға жақын биологиялық белсенді заттарға қатысты ашылулары үшін.[86]
Бенгт Самуэльсон
Джон Вейн
1983 Барбара Мак-КлинтокТранспозицияланатын генетикалық жүйелерді ашқаны үшін.[87]
1984 Нильс ЕрнеГибридтерді пайдалану арқылы моноклоналды антиденелердің генерациялау принциптерін ашқаны және дамытқаны үшін.[88]
Жорж Келер
Сезар Мильштейн
1985 Майкл БраунХолестериннің алмасуы және қандағы холестерин деңгейінің бұзылуын емдеу жөніндегі көрнекті жаңалықтары үшін.[89]
Джозеф Голдштейн
1986 Стэнли КоэнЖасушалар мен ағзалардың өсуін реттеу механизмін түсіну үшін маңызды болып табылатын жаңалықтарды тану ретінде.[90]
Рита Леви-Монтальчини
1987 Судзуми ТонегаваАнтиденелердің түрлерін қалыптастыруға арналған генетикалық принципті ашқаны үшін.[91]
1988 Джеймс БлэкДәрілік терапияның маңызды принциптерін ашқаны үшін.[92]
Гертруда Элайон
Джордж Хитчингс
1989 Джон Майкл БишопРетровирустық онкогендердің жасушалық табиғатын ашқаны үшін.[93]
Харолд Вармус

1990-шы

ЖылСуретіЕл, лауреатМарапаттау негіздемесіАқпарат қайнары
1990 Джозеф МюррейМүшелерді трансплантациялау және ауруларды емдеудегі жасушларға қатысты ашылулары үшін.[94]
Эдвард Донналл Томас
1991 Эрвин НеерЖасушалардағы жалғыз иондық арналардың функциясына қатысты ашылулар үшін.[95]
Берт Сакман
1992 Эдмонд ФишерБиологиялық реттеу тетігі ретінде қайтымды ақуыз фосфорлануына қатысты ашылулары үшін.[96]
Эдвин Кребс
1993 Ричард РобертсБір-бірінен тәуелсіз, геннің үзікті құрылымын ашқаны үшін.[97]
Филлип Шарп
1994 Альфред ГилманG-ақуыз ашқаны және жасушаға дабылдың түрленуіндегі осы ақуыздардың рөлі үшін.[98]
Мартин Родбелл
1995 Эдвард ЛьюисЭмбрионалдық дамудың ерте кезеңдерінде генетикалық бақылауға қатысты жаңалықтары үшін.[99]
Кристиана Нюсляйн-Фольхард
Эрик Вишаус
1996 Питер ДоэртиИммундық жүйесі саласындағы олардың жаңалықтары үшін, атап айтқанда, оның вирусты жұқтырған жасушаларды анықтау қабілеті үшін,[100]
Рольф Цинкернагель
1997 Стенли ПрузинерИнфекцияның жаңа биологиялық принципі, приондарды ашқаны үшін.[101]
1998 Роберт ФерчготтЖүрек-қан тамырлар жүйесін реттеу бойынша дабыл молекуласының азот оксидінің рөлін ашқаны үшін.[102]
Луис Игнарро
Ферид Мурад
1999 Гюнтер БлобелЖасушадағы мақсатты ақуыздардың тасымалдануына жауапты, ақуыз молекулаларындағы сигналдық амин қышқылының реттілігін анықтағаны үшін.[103]

2000-шы

ЖылСуретіЕл, лауреатМарапаттау негіздемесіАқпарат қайнары
2000 Арвид КарлссонЖүйке жүйесінде дабылдың түрленуіне қатысты ашылулары үшін.[104]
Пол Грингард
Эрик Кендэл
2001 Леланд ХартвеллЖасуша циклінің негізгі реттегіштерін ашқаны үшін.[105]
Тимоти Хант
Пол Нерс
2002 Сидней БреннерМүшелердің даму және апоптоз тетіктерінің генетикалық реттелу мәселелері саласындағы жаңалықтар үшін.[106]
Роберт Хорвиц
Джон Салстон
2003 Пол Лотербурмагнитті-резонансты томография әдісін ашқаны үшін.[107]
Питер Мэнсфилд
2004 Ричард ЭкселЗерттеу барысында иіс сезу рецепторларын және иіс сезу мүшелер жүйесін ұйымдастырғаны үшін.[108]
Линда Бак
2005 Барри МаршаллHelicobacter Pylori бактериясының гастрит, асқазан жарасы эәне ұлтабар жарасы пайда болуына әсері туралы жұмысы үшін.[109]
Робин Уоррен
2006 Эндрю ФайерБелгілі бір гендердің қызметін бәсеңдету әсері — РНК-интерференциясын ашқаны үшін.[110]
Крейг Мелло
2007 Марио КапеккиТышқандарда эмбриондық бағаналы жасушалар арқылы нақты ген модификацияларын жүргізу принциптерін ашқаны үшін.[111]
Мартин Эванс
Оливер Смитис
2008 Харальд цур Хаузен
(сыйлықтың 12-і)
Жатыр мойыны қатерлі ісігінің пайда болуына әкелетін. адам папилломавирусын ашқаны үшін.[112]
Франсуаза Барре-Синусси
(сыйлықтың 14-і)
АИВ-ты ашқаны үшін.
Люк Монтанье
(сыйлықтың 14-і)
2009 Элизабет БлэкбернТеломерлер хромосомаларын және теломераза ферменттерін қорғау тетіктерін ашқаны үшін.[113]
Кэрол Грейдер
Джек Шостак

2010-шы

ЖылСуретіЕл, лауреатМарапаттау негіздемесіАқпарат қайнары
2010 Роберт Эдвардс

(1925—2013)

In vitro жасанды ұрықтандыру технологиясы үшін.[114]
2011 Жюль Хоффман
(сыйлықтың 14-і)

(1941)

Туа біткен иммунитеттің белсендірілуін зерттеудегі жұмысы үшін.[115]
Брюс Бетлер
(сыйлықтың 14-і)

(1957)

Ральф Стайнман
(сыйлықтың 12-і) (қайтыс болғаннан кейін)[118]

(1943—2011)

Дендриттік жасушаларды ашқаны үшін және жүре пайда болған иммунитетті үшін зертеудегі маңызы.
2012 Джон Гёрдон

(1933)

Даму және индукцияланған бағаналы жасушаны алу биологиясын дамытқаны үшін.[119]
Синъя Яманака

(1962)

2013 Джеймс Ротман

(1950)

Біздің жасушаларымыздағы негізгі тасымалдау жүйесі — везикулалық тасымалдауды реттеу механизмін ашқаны үшін[120]
Рэнди Шекман

(1948)

Томас Зюдхоф

(1955)

2014 Джон О’Киф

(1939)

Мидағы орынды анықтау жүйесін құрайтын жасушаларды ашқаны үшін[121]
Мей-Бритт Мозер

(1963)

Эдвард Мозер

(1962)

2015
Уильям Кэмпбелл

(1930)

Олардың дөңгелек жәндіктерге туындаған инфекцияға қарсы жаңа терапиясы үшін[122]
Сатоши Омура

(1935)

Ту Юю

(1930)

Безгекпен күресте жаңа терапияға қатысты оның жаңалықтары үшін[122]
2016 Йошинори Осуми

(1945)

Аутофагия механизмдеріне қатысты ашылулары үшін[123]
2017 Джеффри Холл

(1945)

Цираган ритмі басқаратын молекулярлық механизмдерді табқаны үшін[124]
Майкл Росбаш

(1944)

Майкл Янг

(1949)

2018 Тасуку Хондзё

(1942)
(сыйлықтың 12-і)

Теріс иммундық реттеуді тежеу арқылы қатерлі ісік терапиясын ашқаны үшін[125]
Джеймс Эллисон

(1948)
(сыйлықтың 12-і)

2019 Уильям Кэлин

(1957)
(сыйлықтың 13-і)

Жасушалардың оттегінің қолжетімділігін қалай сезінетіні және оған бейімделетіні туралы ашқаны үшін[126]
Питер Рэтклифф

(1954)
(сыйлықтың 13-і)

Грегг Семенза

(1956)
(сыйлықтың 13-і)

2020-шы

ЖылСуретіЛауреатМарапаттау негіздемесіАқпарат көзі
2020 Харви Джеймс Алтер

(1935)
(сыйлықтың 13-і)

С Гепатиті вирусын ашқаны үшін[127]
Майкл Хаутон

(1949)
(сыйлықтың 13-і)

Чарльз Райс

(1952)
(сыйлықтың 13-і)

2021 Дэвид Джулиус

(1955)
(сыйлықтың 12-і)

Температура мен жанасуға арналған рецепторларды ашқаны үшін[128]
Ардем Патапутян

(1967)
(сыйлықтың 12-і)

2022 Сванте Паабо

(1955)

Жойылып кеткен гомининдердің геномдары мен адам эволюциясына қатысты ашқан жаңалықтары үшін[129]
2023 Каталин Карико

(1955)
(сыйлықтың 12-і)

COVID-19-ға қарсы тиімді ақпараттық РНҚ вакциналарын жасауға мүмкіндік беретін нуклеозидтер базасының модификацияларына қатысты ашқан жаңалықтары үшін[130][131]
Дрю Вайсман

(1959)
(сыйлықтың 12-і)

Жынысы және жасы бойынша статистика

  • Ең бірінші сыйлықтың әйел-лауреаты 1947 жылы Герти Кори атанды; сол уақыттан бері физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы тағы 9 әйелге берілді.
  • Сыйлықтың марапаттау кезіндегі ең жас лауреаты Фредерик Бантинг болатын, оған 1923 жылы сыйлық берілген уақытта небәрі 32 жаста еді. Ең егде лауреат 1966 жылы Фрэнсис Роус атанған, сол уақытта оның жасы 87 жасқа келген еді.
  • Нобель сыйлығын алған лауреаттардың арасында ең көп өмір сүрген, оның ішінде физиология немесе медицина саласында Нобель сыйлығының лауреаттары арасында, 1986 жылғы лауреат Рита Леви-Монтальчини болатын, ол 2012 жылы 104 жасында өмірден озды.[132].

Ел бойынша статистика

 бір азаматтығы ғана бар лауреаттар
 бір мемлекетке ғана тиесілі емес лауреаттар

Дереккөздер

Әдебиет

  • Чолаков В. Нобель сыйлықтары: учёные және открытия / болг. тілінен аударған А. С. Никольского; под ред. және с предисл. д-ра хим. наук А. Н. Шамина — М., 1987. — (Кітапханалық серия). — 100 000 таралым.


Сілтемелер